Сындарлы сәтте бірлік керек

Қазақстанның Тұңғыш Президенті осындай сындарлы сәтте ұлттық бизнес өкілдерінің ел-жұртқа көрсетіп жатқан көмегі үшін ризашылығын білдірді. Яғни елімізге сын-қатер төнгенде қазақстандық кәсіпкерлер бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, ауызбірліктің арқасында көмектерін көрсетуде. Елбасы Н.Ә.Назарбаев кәсіпкерлерге қол астында еңбек етіп жүрген жандарға қаржылай да, моральдық тұрғыдан да жәрдемдеседі деп сенім білдірді. Осыған байланысты кәсіпкерлерді ел-халыққа қамқорлық танытуға шақырамын. Қолдан келгенше көмек қолын созып, осындай сындарлы сәтте бірлік, ынтымағымызды таныта білуіміз керек. Елдің бірлігі болғанда ғана барлық қиындық атаулыны еңсеретініміз анық. Сол себепті елдегі төтенше жағдай кезеңінде сабыр сақтап, татулығымызды көрсетуіміз қажет. «Біз біргеміз» ұранымен бұл уақытша кезеңнен де өтетініміз айқын.
Мадина ОМАРОВА,
"Серікбол" дүкенінің иесі, жеке кәсіпкер
"Серікбол" дүкенінің иесі, жеке кәсіпкер