Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 49 газет

05 шілде 2025 ж.

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Қосан қарияның қағытпалары

Қосан қарияның қағытпалары

Қосан Әуесбайұлы 1931 жылы шаруа отбасында дүниеге келген. Жасы тоқсанға таяған қария сәби күнінде-ақ анасынан айырылған екен. Бала­лық шағы қиын­­­шы­лықпен өтсе де, небір нәу­бетті бас­тан кешсе де, Қосан қария әзілкеш, қасынан қара үзіл­мейтін, жүрген жерін шат күлкіге бө­леп жүретін ақ­көңіл ақсақал.
Зейнет демалысына шығып, алғашқы зейнет­ақысын алып келе жатқан Қосан ақсақалға балдыздары кездесіп қалыпты. Олар ақсақалды сөзге тартып:
– Қайда асығып бара жатырсыз, жездеке? – деп әңгімелескісі келіпті. Сонда Қосан атамыз:
– Зейнеткер адамда істейтін жұмыс жоқ дейсіңдер ме? Үйге асығып бара жатырмын, – дейтін көрінеді. Әзілге жақын балдыздары:
– Үйде не бар? – деп қайыра сауал қойыпты. Сонда сөзшең қария:
– Ертерек ұйықтап, ертең ерте тұрып, қайта ұйықтау керек, – деген екен. Мұнысы қолы бос зейнеткер адамның күнделікті тыныс-тіршілігі болса керек-ті.

*****
Қосан қарияның әкесінің есімі – Әуесбай. Ол кісі шаруа адамы болған екен. Қосан қария да жас кезінде шаруашылықта еңбек етіп, көлік жүргізген.
Қосан қарияның бір ұл, үш қызы бар. Ұлы Үсенбай – молда, емшілік қасиет қонған. Ол кісіні көпшілік жақсы таниды.
Бірде Жалағашқа барған сапарында өзі туралы сұрағандарға баласының ел-жұртқа белгілі екендігін алға тартып:
– «Әуесбайдың баласымын» деп емес, «Үсенбай молданың әкесімін», – деген екен.

*****
Қосан атамыз 2004 жылы «Шежірелі қария» атты облыстық байқауға қатысып, бас жүлде алады. Сол жолы қармақшылық ақсақал байқау аяқталғаннан кейін көп басшылардың көзінше:
– Қосеке, сіздің кемпіріңіз өмірден өтті, менің де кемпірім бақилық болды. Бірақ мен керемет кемпірге үйлендім, сен не істеп жүрсің, – дейді. Сонда қария:
– Сол кемпіріңнің апасы бар ма? – депті табан астында. Басшылардың бәрі ду күліпті. Сол арадағы кісілердің бірі Шыңғыс Қалиев деген қармақшылық ақсақалға:
– Қосекеңнен екі рет жеңілдіңіз, біреуі – сахнада, екіншісі – сыртта, – депті.

Фатима МАРАТҚЫЗЫ
11 сәуір 2020 ж. 959 0