Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№45 газет

16 маусым 2026 ж.

№44 газет

13 маусым 2026 ж.

№43 газет

09 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Аудан әкімінің мерекелік құттықтауы

Аудан әкімінің мерекелік құттықтауы

Ардақты аналар, асыл жанды арулар!
Сіздерді көктемнің жарқын мерекесі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгінде әйелдер қоғамымыздың экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани және басқа да салаларында жүзеге асырылып жатқан өміршең өзгерістерге белсене араласып, мемлекетіміздің күш-қуатының артуына өз үлестерін қосуда. Кәсіпкерліктің қырсырын, өндірісті өркендету жолдарын жете меңгерген әйелдер саны артып келеді.
Әйелдер қауымы – іскерлігімен қатар отбасының ұйытқысы, ырыс-берекесі. Ана қуанышы, әйел қуанышы – отбасының, Отанның мерейі. Ең қасиетті ұғымдар Ана ұғымымен байланысты – Отан-Ана, Жер-Ана, Табиғат-Ана, Ана тілі деп аталады.
Ауданда Еңбек Ері атағын алған 8 азаматтың қатарында батыр аналарымыз Күләнда Әбдіраманова, Балдырған Мұстафаева, еңбек майталмандары Бексұлу Синаева, Райкүл Жалғасбаева, Балапан Арзымбетова, Рысты Өкшебаева, Назира Сисенова апаларымыздың өмірлері – Отанымызға адал қалтқысыз қызмет етудің жарқын үлгісі, кейінгі ұрпақтар үшін мақтаныш, лайықты үлгі-өнеге болып отыр.
 Құрметті ақ жаулықты аналар!
Аяулы арулар!
Көктемнің шұғылалы мерекесінде дендеріңізге саулық, босағаларыңызға бақ пен береке, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін! Елімізде тыныштық, береке мен бірлік болсын! Мерекелеріңіз құтты болсын!

Ізгі тілекпен Руслан РҮСТЕМОВ,
Сырдария ауданының әкімі
07 наурыз 2020 ж. 1 807 0