Өмірдің гүлі, көңілдің нұры
Адамзатқа əлемнің жарығын сыйлаған, өмірдің шамшырағы, күннің шуағы аналарымыздың, қыз-келіншектер мен қарындастарымыздың төл мерекесі де келіп жетті. Бұл жүректі нұрға, көңілді жырға толтыратын, көктемдей құлпырған арулардың ажарына ажар қосатын ұлы мереке! Сол себепті қоғамымыздың қарыштап алға басуына лайықты үлес қосуды мұрат тұтқан, сол жолда талмай ізденіп, аянбай еңбек етіп келе жатқан нәзік жандылар қауымы барлық құрметке лайықты.
Қазақ халқының тамыры терең тарихы сындарлы сәттер мен қиын кезеңдерге толы. Азаттықты армандаған ата-бабаларымыздың ақ білектің ұшымен, ақ найзаның күшімен ұлан-байтақ жерді бізге аманаттауының астарында батырлық, қайсарлық, ержүректік ғана емес, тектілік те жатыр. Қаһарман бабалардың тұла бойына ананың ақ сүтімен дарыған сол тектілік – біздің қасиетіміз, киеміз. Сондықтан ең қастерлі ұғымдар ана атауымен байланысты.
Алаштың бүгіні мен өткенінде өзіндік орны бар Сыр өңірі елімізге белгілі абзал аналарға кенде емес және олардың бүгінгі ізбасарлары да үлгілі. Бір ғана Сырдария ауданында есімі елге белгілі, ел-халық түгел қадірлейтін, құрметтейтін ардақты жандар көп. Олардың қатарында Күләнда Әбдіраманова, Балдырған Мұстафаева, Күлжан Әуезова, Алтынай Адаева, Күләш Әсімова, Балапан Арзымбетова, Рабиға Іздіқұлова, Айша Меңлібаева, Нәзира Сисенова, Баһаркүл Қордабаева, Дәрікүл Садықова, Бексұлу Синаева, Сәуле Өмірзақова, Райкүл Жалғасбаева, Рысты Өкшебаева, Бисенкүл Сәриева, Баян Құтыбаева, Дина Айсина, Алмагүл Божанова, Алма Бақтиярова, Ұлмекен Жаналиева, Злиха Сыздықова, Шырынкүл Әбитова, Сәрсенкүл Тәнкенова, Алма Қашақбаева, Әлия Төлеуовалардың есімін ерекше атауға болады. Аталған кісілердің өмірі өнегеге, тағдыры тағылымға толы. Ғибратты ғұмыр иелері – бір отбасының ғана емес, бүтін бір әулеттің шамшырағы. Ерлері аттан, қазаны оттан түспеген белгілі отбасылардың берекесін кіргізген әйел-аналардың барлығы бүгінде «Ел анасы» деген құрметті атқа лайықты.
Бүгінде қыз-келіншектер ел дамуының барлық саласында еңбек етуде. Министр, әкім, сенатор, мәжілісмен, қала берді басқарма, бөлім, мекеме басшысы секілді лауазымды қызметтерді нәзік жандылар еңсерді. Бір ғана мысал, аудандық деңгейде мемлекеттік мекемелердің бесеуін әйел-аналар басқарып отыр. Ал, мемлекеттік қызметшілердің нақты саны 145 болса, оның 58-і немесе 40 проценті қыз-келіншектер. Бұл мемлекетіміздің нәзік жандыларға деген қолдауы мен қамқорлығы.
Бүгінде аудандағы алтын құрсақты көпбалалы аналарымыздың саны 1222 болса, оның 592-ы «Алтын алқа», 636-ы «Күміс алқа» иегерлері. Яғни әйел-аналар – отбасының ғана емес, елдің тірегі, қоғамның белсенді мүшесі.
Жылдан жылға аудандағы кәсіпкер әйелдердің де белсенділігі артуда. Өткен жылы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының екінші бағыты бойынша құны 462,1 млн теңгенің 156 жобасы қаржыландырылса, оның ішінде 34 жоба кәсіпкер әйелдерге тиесілі. Аталған бағдарламаның «Стартап» жаңа бизнес идеяларды іске асыру тетігі бойынша былтыр 200 адамға 86,8 млн теңге мемлекеттік грант берілді. Оның ішінде 114 жобаның иесі қыз-келіншектер. Сонымен қатар «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы бойынша қаржыландырылған жобалардың үштен бірін нәзік жандылар жүзеге асырған. Мұнан бөлек осы бағдарламаның грант тетігі бойынша 3 кәсіпкер әйел мемлекет тарапынан қолдау алған.
Аудан әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия жұмыс жасайды. Аталған кеңес отырысы тоқсан сайын өткізілуде. Өткен жылы аталған комиссияның 4 жиналысы өтіп, онда 8 маңызды мәселе қаралған. Сонымен қатар аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Отбасы және неке құндылықтарын сақтау, гендерлік теңдікті насихаттау, отбасылық қатынастарды нығайту бағытында шаралар ұйымдастыру» жобасына жергілікті бюджеттен өткен жылы 1 300,0 мың теңге бөлінген. Сәйкесінше «Сырдария ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен байқау, кездесу сұхбаты, дөңгелек үстел, сайыс, көрме, шеберлік сынып сағаттары секілді іс-шаралар өткізілген. Бұл бағытта ағымдағы жылға 1,0 млн теңге бөлініп отыр.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатының негізінде білім мен ғылымға ұмтылып, ізденісті серік еткен қазақ қыздары алыс-жақын шет елдерде білім алса, еңбекке араласқан әйел-аналар тәжірибесін шыңдады. Бүгінде олар ел дамуының маңызды салаларында жемісті еңбек етуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен жүргізілген «Президенттік жастар кадрлық резерві» жобасына да қыз-келіншектердің қатысу көрсеткіші жоғары болды. Іріктелген 300 жастың арасынан ерлермен бірге қаракөз қыздардың көрінуі олардың бәсекеге қабілетті болуға ұмтылған елдегі алатын орны ерекше екенін білдіреді.
Нәзік жанды арулардың төл мерекесінің әдемі гүлдер қауыз жарып, дала жаңаша құлпырып, əсерлі күйге енетін шуақты көктеммен тұспа-тұс келуінде үлкен мән бар. Табиғатқа жан бітетін бұл мерекеде ардақты аналар мен аяулы арулардың жан жылуы, шат күлкісі, нəзік сезімі адамзатқа күш сыйлап, жаңа істерге бастайды. Сондықтан халықаралық əйелдер күні – шуақты көктемнің ғана емес, нəзік махаббаттың жəне ырыс пен ынтымақтың мерекесі. Себебі отбасының ұйытқысы, дəстүрдің сақтаушысы, ұрпақ тəрбиесінің, адамгершіліктің қайнар көзі əйел-ана гүлдей жайнап, адам өмірін сəн-салтанатқа толтырады, əлемге жылылық, мейірім, татулық нұрын шашады. Алтын құрсақты аналарды ел келешегінің рухани сақшысы десе де болады.
Көктем мерекесінде егемен еліміздің бірлігі мен ынтымағын нығайту жолындағы қажырлы еңбегі үшін барша нәзік жанды арулар қауымына шексіз алғысымызды білдіреміз. Мерекелеріңіз құтты болсын, әлемге әр, жүрекке нәр берген әз арулар!

Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ