Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

№56 газет

28 шілде 2026 ж.

№55 газет

25 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Бала бақша бүлдіршіндері музейде

Бала бақша бүлдіршіндері музейде

Кенттегі "Айгөлек" бала бақшасының "Ботақан" тобының бүлдіршіндері тәрбиешілерімен бірге аудандық музейге саяхатқа барды.

Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында туған жердің төл тарихымен танысу мақсатында ұйымдастырылған саяхатта бүлдіршіндер халқымыздың асыл мұрасын танып білді. Көздің қарашығындай сақталған музей экспонаттарымен танысып, ұлттық салт-дәстүр туралы танымын кеңейтті.

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының мерейтойы туралы мағлұмат берген музей қызметкері Айжан Жұмабекова ақын тұтынған асадалдың тарихымен таныстырды. Бүлдіршіндер музейдегі құмнан салынған ақын бейнесін тамашалады. Саяхат соңында балалар ғұлама ақынның өлеңдерін жатқа оқыды.

Б.ТАҢАТАРҚЫЗЫ
25 ақпан 2020 ж. 762 0