Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ТАРИХЫН БІЛГЕН ЖАҢЫЛМАС

ТАРИХЫН БІЛГЕН ЖАҢЫЛМАС

Тарихымызды кеңінен насихаттау, ұлттық құндылықтарымызды жинақтау сала мамандарының міндетіне кіреді. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында басты көзделген мәселе туған жердің мұрасын жинақтап, келер ұрпаққа қалдыру. Аудан тарихының өткен ғасырдағы дерекнамасы аудандық тарихи-өлкетану музейінде сақталған. Музей мамандары ауданымызға қатысты жәдігерлерді жинақтап, экспонат ретінде жұртшылық назарына ұсынуда. Осы орайда аудандық оқушылар үйінің өлкетану үйірмесінің жетекшісі Айнұр Серікбаеваның ұйымдастыруымен аталған үйірмеге қатысушы бір топ балалар аудандық тарихи-өлкетану музейін аралап көрді. Аудандық тарихи-өлкетану музейіндегі жәді­­­­­­герлерді экскурсовод Айжан Жұмабекова таныстырды. Жалпы музей құрамында «Археология және этнография» залы, ағаштан жасалған тұрмыстық бұйымдар, зергерлік бұйымдар, аудан тарихы залы, көркемсурет галлереясы, Тәуелсіз Қазақстан залдары келушілерге қызмет көрсетеді. Бұл залдарда ауданда талай жыл еңбек еткен азаматтардың бұйымдары, танымал тұлғалардың тұтынған тұрмыстық заттары қойылған. Жәдігерлердің тарихын музей қызметкерлері зерттеп, көпшілікті ақпараттандырады. Балалар тұгелдей музей залдарына кіріп, құнды деректерге қанықты. Өз кезегінде сала мамандары қызығушылық танытқан балаларға алғысын айтып, туған ел тарихын білу жас ұрпаққа парыз екенін жеткізді.


Балтабай ОРДАБЕКОВ
24 қараша 2017 ж. 1 902 0