Өткен жылдың қорытындысы бойынша баспасөз-конференциясы өтті
Сырдария аудандық сот төрағасы А.Абдрахман өткен жылдың қорытындысы бойынша баспасөз-конференциясын өткізді. Баспасөз мәслихатына аудан прокуроры А.Тәженов, аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Е.Сағидуллаұлы, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, кәсіби емес медиаторлар және БАҚ өкілдері қатысты.
Жиында сот төрағасы жыл бойғы жұмыстың статистикалық мәліметтеріне тоқталды.
Жалпы, 2017 жылдың 12 айында 81 қылмыстық іс 113 адамға қатысты қаралып, оның ішінде 48 іс бойынша 63 адамға үкім шығарылған және 39 адамға қатысты 25 іс қысқартылған. Сондай-ақ, 4 іс соттылығы бойынша жолданса, 4 іс прокуратураға кері қайтарылған. 22 қылмыстық іс медиаторлардың қатысуларымен қаралыпты. Есепті кезеңде 11 жекеше қаулы қабылданған.
Бұдан бөлек, өткен жылдың 12 айында 558 талап арыз және 24 іс түскен. Есепті мерзімде барлығы 539 азаматтық іс қаралып, оның ішінде 114 іс бойынша сот бұйрығы, 313 іске қатысты шешім қабылданған. Ал 98 іс өндірістен қысқартылса, 12 іс қараусыз қалдырылған және 2 іс соттылығы бойынша жолданған. Медиаторлардың қатысуымен 78 іс қаралған.
Сонымен қатар, былтырғы жылы аудандық соттың өндірісіне 309 әкімшілік іс түсіпті. Түскен әкімшілік істердің ішінде 294 іс 294 адамға қатысты қаралса, 9 іс кері қайтарылған, 262 адамға әкімшілік жаза қолданылған және 32 адамға қатысты іс қысқартылған. Қаралған әкімшілік істер бойынша 67 жеке қаулы қабылданған. Ал 13 әкімшілік іс медиаторлардың қатысуларымен қаралыпты. Есепті мерзімде «Сот кабинеті» сервисі арқылы 558 талап арыз түскен.
Жылдық есепті мәлімдеген сот төрағасы Абдулла Алиасқарұлы қазіргі таңда сот процесі арнайы аудио-бейне жазба арқылы жүргізілетінін атап өтіп, өткен жылы барлық істер толық аталмыш жүйе арқылы қаралғанын айтты. Және де сот ашықтығын қамтамасыз ету үшін атқарылған жұмыстар баспасөз беттерінде жарияланғанын жеткізді. Атап айтқанда, 2017 жылдың 12 айында баспасөзге 152 мақала, веб-сайтқа 171 ақпарат жарияланған. Сондай-ақ, 7 баспасөз-конференциясы, 18 брифинг, 16 дөңгелек үстел, 35 оқып үйрену сабақтары және судьялармен 33 лекция өткізілген.
Баспасөз конференциясы барысында сот төрағасы «Төрелік» жүйесі арқылы қызметтің ақпараттық мәліметтермен жедел алмасуға, жоғары деңгейде сенімді және автоматтандырылған тіркеуді жүргізуге және іс жүргізу мерзімін сақтауды бақылау сияқты мәселелерді шешуге, статистикалық және талдау есептерін қалыптастыруға, іс жүргізу мен сот ісін жүргізуді оңайлатуға мүмкіндік беретенін атады.
Жиында аудан прокуроры А.Тәженов сөз сөйлеп, жаңа заңнамалар бойынша жүйелі жұмыс жүргізу керектігін, құқық бұзушылықтардың алдын алу қажеттілігін айтты.
Баспасөз мәжілісін қорытындысында сот төрағасы сот жүйесінің деңгейін одан әрі алға ілгерілету мен сот жүйесінің беделі және халықтың сотқа деген сенімін жоғарылату мақсатында атқарылар істің көптігін атап өтті.

«ТТ»-ақпарат
Пікір 2