ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Кеше сырдария аудандық сотының төраға міндетін атқарушы А.Абдрахман биылғы жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша баспасөз-конференциясын өткізді. Оған сала мамандары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Конференцияда А.Әлиасқарұлы статистикалық мәліметке тоқталып, жасалған жұмыс барысын баяндады.
Нақтырақ айтқанда, аталған мерзімде 29 қылмыстық іс 36 адамға қатысты қаралып, оның ішінде 15 іс бойынша 22 адамға үкім шығарылғаны белгілі болды. Ал 7 іс 7 адамға қатысты қысқартылса, 6 іс соттылығы бойынша жолданған және 1 іс прокурорға кері қайтарылған. Есепті кезеңде жергілікті атқарушы органдарының заңдылықты бұзу жағдайларына қатысты 1 жекеше қаулы қабылданғаны мәлім. Аталған мерзімде сотқа 232 талап арыз және 12 іс түсіп, барлығы 223 азаматтық іс қаралған, оның ішінде 23 іс бойынша сот бұйрығы, 119 шешім қабылданып, 71 іс өндірістен тоқтатылған. Бұдан бөлек 8 іс қараусыз қалдырылып, 2 іс соттылығы бойынша жолданған. Қаралған азаматтық істер бойынша 4 жеке ұйғарым қабылданып отыр.
Сондай-ақ аудандық соттың өндірісіне 148 әкімшілік іс түскені айтылды. Әкімшілік істердің ішінде 140 іс 140 адамға қатысты қаралып, 111 адамға әкімшілік жаза қолданылған және 29 адамға қатысты тоқтатылды. 8 іс соттылығы бойынша жолданып, қаралған әкімшілік істер бойынша 53 жеке қаулы қабылданғаны жөнінде білдік.
Бұл ретте медиаторлардың қатысуымен 61 азаматтық іс, 7 қылмыстық іс, 22 әкімшілік іс қаралғаны айқындалды. Төрағалық етуші қазіргі таңда барлық іс 100% аудио-бейне жазба құралы арқылы қаралып жатқанын атап өтті. Есепті мерзімде «Сот кабинеті» сервисі арқылы 232 талап арыз, 148 әкімшілік іс түскендігін тілге тиек етті.
Баспасөз конференциясының қорытындысында сот төрағасының міндетін атқарушы А.Абдулла бірқатар сауалға жауап берді.
Б.ОРДАБЕКОВ