Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәжірибе алмасудың маңызы зор

Тәжірибе алмасудың маңызы зор

№36 мектеп-лицей базасында «Жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқытудағы өзекті мәселелер» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Семинарда № 36 мектеп-лицейдің физика пәні мұғалімі Әйгерім Бержанова “Newton`s second law.Mass”, №137 орта мектептің биология пәні мұғалімі Фарида Бодыбаева “The main parts and functions of the human skeleton”, №36 мектеп-лицейдің информатика пәні мұғалімі Әйгерім Амзеева “Units of Information”, №37 мектеп-лицейдің информатика пәні мұғалімі Айнұр Нұрланова “Network” тақырыптарында үздік ашық сабақтар көрсетті. Сондай-ақ №131 орта мектептің химия пәні мұғалімі Гүлжан Жекенова «Критериалды бағалаудың тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында коучинг, №42 мектеп-лицейдің биология пәні мұғалімі Гүлзат Әбдірасилова «Термин сөздерді меңгертудегі тілдік тосқауылдары АКТ мүмкіндіктері арқылы жетілдіру» тақырыбында шебер-сыныптар көрсетті.

Семинарға облыстық оқу орталығының әдіскері Гүлнұр Шермағанбетова, Астана қаласы “Ustaz Professional Learning Centre” орталығының менеджері Нұрсұлтан Қожабайұлы және жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқыту жөніндегі аудандағы менторы Ерлан Мейрамбекұлы қатысып, мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетті. Өзара тәжірибе алмасып, тілдік курс оқыған мұғалімдер пікір алмасты.

Семинар соңында «Отелло» қойылымы тамашаланып, үздік сабақ көрсеткен мұғалімдерді марапаттады.

"ТТ" ақпарат

22 қараша 2019 ж. 1 228 0