АУДАН ЖЕТІСТІГІ ЖАС ҚАЛАМГЕРЛЕР КӨЗІМЕН

Шығармашылықты жанына серік еткен талапкерлер эссенің мазмұнында Сырдария ауданының соңғы жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дамуы, өркендеуі мен жаңалықтары қамтылуы қажет болатын. Байқау қорытындысымен 3 шығарма үздік деп танылды. Атап айтқанда Арман Жұмабаев 1-орын №131 Т.Қозыбаев атындағы орта мектеп оқушысы, жетекшісі Айнұр Хамитова, Ақниет Наурыз 2-орын, №132 Т.Айтбаев атындағы орта мектеп оқушысы, жетекшісі Құралай Досай, Динара Биғалиқызы 3-орын, №42 Қ.Баймағанбетов атындағы мектеп-лицей оқушысы, жетекшісі Перуза Миянова мараптталды. Марапат иелеріне аудан әкімінің баспасөз хатшысы А.Ибрагимұлы аудан әкімінің Алғыс хаты мен Абайдың қара сөздері кітабын тапсырды. Марапаттау рәсімінде ұстаз П. Миянова байқауды ұйымдастырушыларға алғысын айтып, оқушылардың шығармашылығын ынталандыруға берілген үлкен мүмкіндікке өз ризашылығын білдіріді.
Б.ТАҢАТАРҚЫЗЫ