Семинар жаңартылған білімге арналды
Шаған ауылындағы №37 мектеп-лицейде «Рефлексия на современном уроке как инструмент эффективного обучения и развития учащихся» тақырыбында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің аудандық семинары өтті.
Жаңартылған білім мазмұнына сәйкес рефлексияның әр түрлі тәсілдерімен таныстыру, орыс тілі мен әдебиеті пәні сабақтарында оқушылардың рефлексивті қызметін дамыту тәсілдерін меңгеруге ынталандыру мақсатында өткен семинарда бір кезеңде үш сабақ қатар жүргізілді.
Қатысушылар бөлініс бойынша 1 сыныптағы «Наши домашние животные» ( Г. Жантореева), 7 сыныптағы «Постулаты здоровья» (К. Қасымова), 5 сыныптағы «Мы разные, но мы вместе» (Г. Искендирова), 4 сыныптағы «Все профессии важны» (Ж. Лашкерова), 9 сыныптағы «М. Шаханов «Книга памяти» (А. Рахманбердиева), 3 сыныптағы «Круглый год» (М. Оспанова) үлгілі сабақтарға, 7-11 сынып оқушыларының қатысуымен «Союз блистательных имен» тақырыбындағы әдеби-музыкалық композицияға (Б. Искакова) және №37 мектеп-лицейдің орыс тілі мен әдебиеті пәні әдіс бірлестігінің жетекшісі С. Башенованың ТЕДх форматында «Рефлексия» тақырыбында өткізген жобасына қатысып, өзара пікір алмасты.
Семинарды аудандық білім бөлімінің әдіскері Н. Айтмұханова қорытындылап, үлгілі сабақтар көрсеткен мұғалімдерді аудандық білім бөлімінің Алғыс хаттымен марапаттады.
"ТТ ақпарат"