Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Өз ісінің кәсіби маманы

Өз ісінің кәсіби маманы

Құқық қорғау саласында еңбек ету терең білімді, үздіксіз ізденісті талап етеді. сонымен бірге тәртіп сақшысына табандылық пен қырағылық ауадай қажет. Өйткені иығына шен таққан полицей – елдің қорғаны ғана емес, қоғамдық тәртіпті сақтауда айрықша орны бар мамандық иесі. Тереңөзектік Руслан Аймағанбетов – жауапкершілік жүгі ауыр мамандықты таңдап, жемісті еңбек етіп келе жатқан полиция майоры.
Кейіпкеріміз тәртіп сақшысы болуды бала күнінен армандаған. Оған отбасындағы тазалық, тәртіп, әр істі уақытылы атқаруға дағдыланған үлгілі үрдіс әсер еткен. Бүгінде шәкіртімен мақтанатын мектептегі ұстаздары да Руслан Аймағанбетұлының үлгілі оқушы болғанын алға тартады. Бұл бүгінгі полиция майорының өмірден өз орнын табуға ерте бейімделгенін білдірсе керек-ті.
Орта мектепті ойдағыдай тәмам­ даған жас 1999 жылы Қазақ гума­нитарлық Заң университетіне құжат тапсырып, емтихандардан сүрінбей өткен. Жас талапкер үшін ерекше маңызы бар бұл күн оның әлі көз алдында.
– Ұстаздарымыз мамандық таңдау­ да қателеспеу жөнінде көп айтатын. Мен тәртіп сақшысы болғым келетін еді. Ол үшін Қазақ гуманитарлық Заң университетінде жоғары білім алсам деп ойладым. Тест тапсырмалары мен емтихан талаптары оңай болған жоқ. Мектептегі ұстаздарыма, үйдегі ата-анама алғысым шексіз. Универ­ ситетке қабылданғанымды естіген­ де қуанышымда шек болмады. Құ­қық қорғау саласында еңбек етсем деген арманыма бір табан жақындай түскенімді анық сезіндім, – дейді Руслан Аймағанбетұлы.
Еңбек жолын 2004 жылы аудандық ішкі істер бөлімінде тергеуші болып бастаған жас маман бұл қызметте білімді, білікті кадр ретінде танылған. Ұсақ бұзақылықтан бастап ауыр қылмыстарды ашып, кінәлілерді анықтап, қылмыскерлердің заң бойынша жазасын алуын қамтамасыз еткен тергеушінің алғашқы аяқалысы бас­ шылық тарапынан жоғары бағаланған. Тергеуші болып төрт жыл табан аудармастан еңбек етіп, тәжірибе жинақтаған құқық қорғаушы 2008 жылы учаскелік полиция инспекторы ретінде қызметін жалғастырған. Бұл қызметте де ол өз ісінің кәсіби маманы атанып, ұжым тарапынан зор беделге ие болғанын аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жақсы біледі. Тәртіп сақшысы кейіннен кезекші инспектор, криминалист қызметін атқарған және жедел іздестіру бө­лімінде де жемісті еңбек еткен. Сөй­тіп ІІІ дәрежелі «Ішкі істер орган­ дарындағы мінсіз қызметі үшін», «Қылмысты іздестіру қызметіне 100 жыл» төсбелгілерінің иегері атанып, облыс, аудан әкімдерінің, облыстық, аудандық ішкі істер басқармасы бас­шыларының Алғыс хатымен марапат­талған.
Жыл сайын аудан әкімі әр сала бо­йынша жыл үздіктерін анықтап, ма­рапаттайды. Биыл ауданның құқық қорғау саласында қызмет атқаратын жүздеген тәртіп сақшысының ішінде «Айбын» номинациясы Руслан Ай­мағанбетовке берілді. Бұл жас кезі­ нен бастап полиция қызметкері болсам деп армандаған және сол ар­ манына қол жеткізген маманның қа­ жырлы еңбегінің жемісі. Осы ретте кейіпкеріміздің анасы Жақсыгүл Иба­дуллинаны сөзге тарттық.
– Перзенті шыңға шықса, ата-ана шынайы бақытты анық сезінеді. Аудан басшысы Руслан Рүстемов ұлымды марапаттағанда қуаныштан көзіме жас алдым. Бұл менің аналық бақытым еді. Бір отбасының ғана емес, бүтін бір саланың абыройлы азаматы атанса, еңбегіміздің еш кетпегені деп білемін, – дейді абзал ана.

Ердос СӘРСЕНБЕКҰЛЫ
30 желтоқсан 2019 ж. 1 133 0