Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚЫРАҒЫ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ

ҚЫРАҒЫ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ

ЕЛ ДАМУЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПТІҢ АЛАР ОРНЫ ЕРЕКШЕ. АЛ, ОНЫҢ САҚТАЛУЫН ҚАДАҒАЛАУ, ЕЛДІҢ ТЫНЫШТЫҒЫН ҚОРҒАУ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БАСТЫ МІНДЕТІ. ОСЫНДАЙ ІСТІ ЖАУАПКЕРШІЛІКПЕН АТҚАРЫП ЖҮРГЕН ТАЛҒАТ КҮДЕБАЕВ.
Полиция капитаны халық алдындағы борышына, өз қызметіне адалдықпен қарап, түрлі қылмыстарды ашуға өз үлесін қосып келе­ді. Тәртіп сақшысы түр­­лі қауіпті оқиға ортасында жүріп, ақиқатына жету жолында әркез қырағылық танытып, қылмыскерлердің заң ал­дын­да жазалануы үшін аянбай тер төгуде. Мәселен, осы жылдың сәуір айында полиция капитаны бір азаматтың есірткі затын заңсыз сақтап, тасымалдап жүргенін анықтайды. Аталған жағдай бойынша қылмыстық іс тіркеледі. Жүргізілген оперативті шаралар кезінде әлгі азамат есірткі затын өзімен бірге тасымалдау кезінде ұсталып, қылмысы ашылды.
Бұл өз кезегінде қоғам үшін өте қауіпті әрекет болатын. Себебі, ол заты арқылы көптеген жастардың санасын улап, айналасына қауіп төндіретіні белгілі еді. Капитан Т.Күдебаев өзінің қырағылы арқасында осы қылмыстың алдын алды.

Ұлбосын КЕНІШБЕК
22 маусым 2019 ж. 1 100 0