Кімдерге рахымшылық жарияланды?
Құрметті аудан тұрғындары!
Ағымдағы жылдың 4 шілдесінде Мемлекет басшысы қол қойған салықтық рақымшылықты жүргізуді көздейтін заң шеңберіндегі Қаржы министрлігінің бұйрығымен салықтық рақымшылық жүргізу ережесі бекітіліп, аталған заң ағымдағы жылдың 16 шілдесінен бастап күшіне енді.
Сондықтан барлығыңызды 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін аталған рақымшылықты пайдалануға шақырамыз.
Бүгінгі күнге жергілікті мемлекеттік кірістер басқармасының деректер базасындағы салық төлеушілердің есептіліктерінің толықтығы мен дұрыстығына түгендеу жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда ауданда 104 көлік иелерінен салықтық берешегі бар. Қарыздың жалпы сомасы 3357,5 мың теңге.
Сіздерге мемлекеттік кірістер басқармаларға барудың ешқандай қажеттілігі жоқ, негізгі шарты – жеке тұлға ретінде негізгі салықтар бойынша қарыздарыңызды төлесеңіз, өсімпұлдар бет есептен алынып тасталады. Сонда таза қарыздарын ғана өтейді, ал мемлекет тарапынан салынған айыппұл бірден жойылады. Сондай-ақ салықты уақытылы төлемегені үшін сот орындаушыларына ісі жолданған азаматтар да рақымшылыққа ілігеді.
Сіздер өздеріңіздің қарыздарыңыздың бар немесе жоғы туралы мәліметті www.kgd.gov.kz «Салықтық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер» қызметі арқылы немесе жергілікті мемлекеттік кірістер басқармаларынан білуіңізге болады. Сонымен қатар ағымдағы жылы өткен жыл үшін негізгі борыш пен салықтар бойынша өсімпұлды төлеуде жүргізген жағдайда, өсімпұл сомасы Сіздердің өтініш беруіңіз арқылы қайтаруға жатады.
Құрметті аудан тұрғындары! Бұл акцияның бітуіне 12 күн қалуына байланысты осы салықтық рақымшылық шарасын пайдаланып, белсенділік көрсетуге баршаңызды шақырамыз.
Сырдария ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы