Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 71 газет

07 қыркүйек 2024 ж.

№ 70 газет

03 қыркүйек 2024 ж.

№ 69 газет

30 тамыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Салыққа қарызы барлардың балалары ҰБТ тапсыра ала ма?

Салыққа қарызы барлардың балалары ҰБТ тапсыра ала ма?

Әлеуметтік желілерде салық берешегі бар азаматтардың балалары Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатыса алмайды деген ақпарат тараған болатын. Осыған орай ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мүлік, жер, көлік салықтарын төлеу міндеті ҚР Салық кодексінде бекітілген. Алайда, аталған құжатта салық берешегі бар азаматтардың туыстары мен жақындарының емтиханға, мемлекеттік бағдарламаларға және басқаларға қатысуға шектеу қою бойынша норма жоқ. Қолданыстағы ҚР Салық заңнамасында айыппұл есептеу шаралары көрсетілмеген. Тек салықты уақытылы төлемеген жағдайда өткізілген әр күнге өсімпұл есептеледі»,- деп атап өтеді комитеттен.

Сондай-ақ, ведомство осы жылдың аяғына дейін жеке тұлғаларға арналған салықтық рақымшылық үрдісі жүргізіліп жатқанын еске салады. Оның ережелеріне сәйкес, жеке тұлға берешегінің негізгі сомасын өтеген жағдайда өсімпұл автоматты түрде есептен шығарылады.


10 қазан 2019 ж. 557 0