Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Кітапханадағы кездесу

Кітапханадағы кездесу

Сырдария аудандық орталық кітапханада Ұстаздардың төл мерекесіне орай "Ұстаз мәртебесі - ұлт мәртебесі" атты кездесу кеші өтті.

Кездесуге келген қонақтардың бірі саналы ғұмырын ұстаздыққа аранаған ардагер-ұстаз Роза Үмбетаева болса, екіншісі мұғалімдік жолды енді бастаған жас маман Әсем Олинова.

Қос ұстаз қиын да қызығы мол мамандыққа қалай келгендері туралы әңгімелеп, мәртебелі мамандық иесі атанғандарын мақтан ететіндіктерін айтты. Ұстаздарға құрмет көрсеткен кітапхана ұжымы қазақ ақын - жазушыларының жүрек жарды жырларын оқып, сый - сияпат жасады.

"ТТ" ақпарат
04 қазан 2019 ж. 953 0