Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ АНАР ІЗБАСАРОВА "СЫРДАРИЯ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ" АТАНДЫ

БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ АНАР ІЗБАСАРОВА "СЫРДАРИЯ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ" АТАНДЫ

Білім саласының ардагері, "Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгінің" иегері Анар Ізбасарова "Сырдария ауданының Құрметті азаматы" атанды.
Ардагер-ұстазға құрметті атақты аудан әкімі Ғ.Қазантаев жыл қорытындысы бойынша өткен салтанатты іс-шарада табыс етті.
Айта кету керек, ардагер-ұстаз ауданның білім беру саласында 30 жылдан астам жемісті еңбек еткен. А.Ізбасарованың озық іс-тәжірибесі әріптестері арасында жоғары бағаланып, облыстық білім басқармасы тарапынан барлық мектептерге таратылған.
Ұлағатты ұстаз 1984 жылы "Аға мұғалім" атағына ие болса, 1986 жылы "Ыбырай Алтынсарин" медалімен марапатталған. 2010 жылдан бастап №35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейдің бастауыш ардагерлер ұйымының төрайымы. Ұлағатты ұстаздың өнегелі өмір жолы "Ай дидарлы аналар", "Сырдария", "Болсайшы, ұстаздардың бәрі осындай" атты кітаптарға енген.
Былтыр ұстаздың өзі ұзақ жылдар еңбек еткен №35 И.Тоқтыбаев мектеп-лицейі туралы кітабы жарыққа шықты.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
29 желтоқсан 2018 ж. 1 431 0