Бала қабілетін ашудың мәні неде?
Барлық ғылымның өзекті де өткір мәселесінің бірі – баланың білім сапасын арттыру мен ақыл-ойын жүйелеу, қабілетін шыңдау болып табылады. Бұл бала бойындағы дарынды ерте жастан оята білу ұстаздың біліктілігімен өлшенеді. Осы орайда басылымның «Орнықты ой» деп алатын жаңа айдары аясында жоғары табысқа жете білген сала мамандары мен жекелеген тұлғаға «Бала қабілетін ашудың мәні неде?» деген ортақ сауал қойған болатынбыз.
Үміт Ерназарова,
№210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектептің музыка пәнінің мұғалімі:
– Мен әрдайым шәкірттеріме ең бірінші кезекте музыка құдіретіне терең бойлуға мүмкіндік беремін. Кез келген әнді жанрына қарамастан жүрекпен орындай білгенде ғана тыңдарманның көңілінен шығуға болады. Жеті нотаның өзіндік атқарар жұмысын терең меңгерген әр бала қабілетін одан әрі аша түседі. Музыка білімі алғаш пайда болған кезден осыған дейінгі қалыптасқан теориясын балаға меңгертуде асқан ыждағаттылық керек. Өз саласының хас шебері атануға көп еңбектену керек. Жас дарынға бағыт-бағдар беруде қарым-қабілетін жас айырмашылығына байланысты қалыптастырмаса, бала өз білгенін жоғалтып алуы ықтимал.
Білім ордасында музыка пәнінің мұғалімі бола жүріп, ән айтуға ынтасы бар баланың қабілетін ашуда осыған баса назар аударамын. Болашағынан зор үміт күттіретін шәкіртті ән өнеріне бейімдеу арқылы өзімнің кәсіби біліктілігімді арттыруға күш саламын. Себебі қазіргі заманда қай салада болмасын бәсекелестік жоғары. Үнемі шәкірттеріме: «Бір қазанның ішінде қайнап жатқан өнер әлемінде әркімнің өз үлесі бар. Тек талантыңмен көпшілікті мойындата білу керек. Өмірде сенің қолтаңбаң қалу үшін ең алдымен кәсібіңді сүю маңызды.
Шығармашылығыңды дамыту үшін ұстанар бағытыңды жаңылыспай таңдау парыз. Сонымен қатар алға қойған мақсатың айқын болу керек» деп айтудан жалықпаймын. Міне өнерге құштар жанды тәрбиелеуде мотивациялық жігерлендіру басты орында.

Білімжан ЕЛЕУСІНОВ, тоғызқұмалақтан республикаға еңбегі сіңген жаттықтырушы:
– Тоғызқұмалақ ойынын үйретуді 6-7 жастан бастаған тиімді. Оның негізгі себебі – жас баланың бойында бәсекелестік, жеңімпаз болуға деген ұмтылыстың күшті болуында жатыр. Алғашқы күннен бастап баланы толық зерттей бастаймыз. Әрине ең алдымен есепке деген қабілеті ескеріледі. Атап айтқанда, жаңа қабылданған оқушылар арасында топаралық жарыс өткізу немесе командалық эстафета ойнату секілді жұмыс көзін ұйымдастыру маңызды. Әрдайым жарысқа түскен баланың қарымын байқаймыз. Бұл арада олимпиадалық ұран басшылыққа алынады. Яғни ойында жеңілген спортшы болмайды. Ең алдымен, баланың қабілетін ашуда оның қызығушылығын арттыру керек. Өзі секілді жас спортшымен ойнату барысында оларды дұрыс ойлауға, өз-өзін бақылауға және қателіктерін қайталамауға үйретеміз.
Өзімнің жұмыс тәжірибемде 7-10 жастағы спортшының қателік жіберу себебіне талдауды үнемі жүргіземіз. Осы жастағы спортшының басты кемшілігі – ойын тәсілін толық білмеуі, есептеуде дөрекі қателікке бой алдыруы. Ең алдымен, мүмкіндігінше ойланып ойнауға үйретуді мақсат тұтамыз. Ғалымдардың зерттеуі бойынша дөрекі қателік жібермес үшін спортшы бір жылда ең кемі 500 ойын өткізуі тиіс екен.
Роза ТҰРҒАНБЕКОВА, ата-ана:
– Менің немерем аудандық әуез мектебіндегі би үйірмесіне қатысқанына 6 жылдай болды. Ол осы кезеңде түрлі байқауларға қатысып, жоғарғы марапаттарды иеленді. Жетекшісі Гүлшат Өтебасованың шеберлігі арқасында бірнеше ұлттың биін шеберлікпен еркін меңгерді. «Тұмар» би тобының құрамында жүріп, көптеген жетістікке жетуде.
Ата-ана ретіндегі ойым – баланың қабілетін ашуда өзі қалаған үйірмеге беру маңызды. Бұл ретте бірнеше үйірмеге беру балаға көп жүктеме артады. Оны бала көтере алмауы мүмкін. Алғаш баланың жүрегі қалаған іске баулу – ата-ананың басты міндеті. Бұл жерде басты назар аударатын жағдай «Шымшық сойса да, қасапшы сойсын» дегенді өмірлік ұстаным ету керек.
Айдана ЖАКИЕВА, белсенді жас:
– Әрбір жастың белгілі бір мақсаты, ұстанымы болған жағдайда талантымен көпшілікке танылады. Жүректің қалауымен орын алған әрбір істің жемісін көру – үлкен жетістік. Биікке ұмтылу ізденісті талап етеді. Мен бала күнімнен шет тілдерін меңгеруді мақсат тұттым. Ерік-жігерімнің арқасында ойлаған арманыма қол жеткіздім.
Мектеп қабырғасында оқып жүріп, ұстаздарымнан болашақ мамандығымның қыр-сырын үйрендім. Әлемнің озық елдерінің қарым-қатынас тілі ретінде қолданатын ағылшын тілін игердім. Қазіргі таңда өзім қалаған мамандықтың биік шыңына жету үшін ізденісте жүрмін. Қабілетіңді кез келген салада сынап көру өмірлік қағидаға айналуы тиіс. Соның арқасында қоғамның белсенді мүшесі атануың бек мүмкін.
P.S. Осындай пікірлер тоғысы арқылы көкейдегі сауалға тұщымды жауап алдық. Бала қабілетін ашуда әркімнің өз пікірі бар. Түптеп келгенде, барлығы балалардың болашағы жарқын болса екен дейді. Сондықтан бұған әркім жауапты екенін білуі тиіс.
Дайындаған
Б.ОРДАБЕКОВ