Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

16 қыркүйек 2025 ж.

№ 69 газет

13 қыркүйек 2025 ж.

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Дін және ұрпақ тәрбиесі

Дін және ұрпақ тәрбиесі

Аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Иман-2013» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Терроризмге қарсы әрекеттің және діни экстремизмнің алдын алу, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту қызметтерін ұйымдастыру» жобасы аясында Шіркейлі, Н.Ілиясов, Шаған, Ақжарма, Іңкәрдария, А.Тоқмағанбетов, С.Сейфуллин және Қалжан ахун ауылдық округтерінде тұрғындармен кездесу өтті.

Өңірлік ақпараттық түсіндірме топтың мүшелері айтыскер ақын Мамыр Байментайұлы Байдаулетов және "Сыр дидары" газетінің редакторы, салт дәстүр ізденуші Сәкен Алдашпаев ауыл тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы міндет – өзінің өмірін жалғастырушы саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы, келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, өрісі озық етіп тәрбиелеп қана қоймай, бүгінде еліміздің тұрақтылығы мен тыныштығын бұзған әртүрлі діни ағымдар мен радикалды түсініктерден сақ болып, әрбір адам діни сауатты білу керектігі кеңінен әңгімеленді.
"ТТ" ақпарат
15 қараша 2019 ж. 1 000 0