Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 10 газет

07 ақпан 2026 ж.

№9 газет

03 ақпан 2026 ж.

№ 8 газет

31 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Спорттық сайыста кім жеңімпаз атанды?

Спорттық сайыста кім жеңімпаз атанды?

Жарысты өткізудегі басты міндет – халықты салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдануға баулу. Осы орайда, аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Иман-2013» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Терроризмге қарсы әрекеттің және діни экстремизмнің алдын алу, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту қызметтерін ұйымдастыру» жобасы аясында шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ және бильярд ойындары ұйымдастырылды. Спорттық жарыстарға кент ардагерлері мен тұрғындар белсенді қатысты.
Спорттық шараның қорытынды есебі бойынша бильярдтан І орынды Ә.Қарсақбаев, ІІ орынды А.Әшірбеков, ІІІ орынды Т.Сүлейменов жеңіп алды. Дойбыдан І орынды Т.Айкупешов, ІІ орынды С.Жұмабекова, ІІІ орынды М.Накипова, тоғыз­құмалақтан І орынды Б.Абдулпаттаев, ІІ орынды Г.Байқадамова, ІІІ орынды Л.Серікбаева және шахматтан І орынды Б.Матыбаев, ІІ және ІІІ орынды Р.Байменов пен Ұ.Сүлейменов ииеленді.
Сайыс жеңімпаздары мен барлық қатысушылар диплом мен ақшалай сыйлыққа ие болды.

М.КЕЛДІБАЕВ,
«Иман-2013» қоғамдық қорының төрағасы
19 қазан 2019 ж. 962 0