Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚОР АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАР

ҚОР АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАР


Қазақстан Республикасы үшін дәстүрлі болып табылатын діндерге қатысты мағлұматтар, олардың пайда болуы, дамуы, қоғам өміріндегі орны туралы ақпараттарды жалпыға бірдей білім беретін орта мектептен бастап барлық елді мекен тұрғындары арасында «Терроризмге қарсы әрекеттің және діни экстремизмнің алдын алу, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту қызметтерін ұйымдастыру» мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында «Иман-2013» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен кездесулер мен семинарлар тұрақты өткізіліп келеді.
Атап айтсақ, шілде айында елді-мекендердегі діни қызметкерлерінің шешендік діни ілімдерін, білімі мен біліктілігін шыңдау мақсатында 5 күндік оқу семинары өткізілді. Аталмыш семинар барысында имамдарға Ислам ақидасы, Фиқһ негіздері, «Құран» және «Тәфсир» пәндерінен дәрістер оқытылды. Семинар аудандық «Мұсылмандар» мешітінде өтіп, семинарды Қызылорда облыстық «Нұр» мешітінің бас имамы М.Үркімбаев және Сырдария аудандық «Мұсылмандар» мешітінің бас имамы А.Асқарұлы фиқһ, хадис ілімдері бойынша дәріс жүргізді.
Адамзат қоғамы үшін тәрбиенің алар орны ерекше. Осы орайда, кент және ауыл имамдары, ардагерлері, жастарының қатысуымен «Қазақ қоғамындағы бала тәрбиесі» атты кездесу өткізіліп, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Әбенұлы, «Иман-2013» қоғамдық қорының төрағасы М.Келдібаев - бала тәрбиесі қашан да өзекті мәселелер қатарында екенін және Ислам құндылықтарының бала тәрбиесіндегі атқарар маңызы зор екендігін атап өтті.
Тамыз айында «Жалын» тынығу лагерінің тынығушы жастары, тәлімгерлері арасында «Жастар болашақ кепілі» атты кездесу өткізіліп, аудандық дін мәселелерін зерттеу орталығы және аудандық жастар ресурстық орталығы мамандары қатысып, дәстүрлі емес діни ағымдардың алдын алу мақсатында мәліметтер беру арқылы, жастар тәрбиесіндегі ұлттық, рухани, салт-дәстүрге деген құндылықтар туралы кеңінен түсініктеме берілді.
Қазан айында экстремистік діни идеология ағымдарына қарсы бағытталған ақпараттық-насихаттық жұмыстар жүргізіліп, оған Тереңөзек кенті және барлық ауылдық округтердегі тұрғындар, белсенді және жұмыссыз жастары, мектеп оқушылары белсенді қатысты.
Аудан тұрғындары мен мектеп оқушыларына экстремистік діни идеология ағымына қарсы бағытталған спектакль көрсетуді ұйымдастыру биыл бірінші рет қолға алынды. Осы орайда, дәстүрлі рухани құндылықтарды жаңғырту арқылы жалпы жұртшылықтың, әсіресе жастардың діни сауаттылығын, қабілеті мен қарсы тұру иммунитетін қалыптастыру мақсатында Сырдария аудандық мәдениет үйі жанынан құрылған «Халық театрының» ұжымы Б.Рамазанның «Шырмауық» драмасын Сырдария ауданына қарасты Тереңөзек кенті және 13 елді мекенде сахналанды.
Біздің болмысымызда тамыры тереңге кетіп, ұлттық мәдениетімізбен сабақтасып жатқан жүйелі жұмыстар алдағы уақытта да лайықты жалғасын табатын болады.
М.Келдібаев,
«Иман-2013» қоғамдық қорының төрағасы
21 қараша 2018 ж. 856 1

Гость JeaOrer от 12 наурыз 2019 03:28
Doryx Best Website generic cialis canada Levitra Foto Zithromax Allergy