Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№71 газет

19 қыркүйек 2026 ж.

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

"Рухани келісім күніне" орай Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен "Иман-2013" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен аудандық шығармалар байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Аталған байқау "Терроризмге қарсы әрекеттің және діни экстремизмнің алдын алу, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту қызметтерін ұйымдастыру" мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында ұйымдастырылған болатын.
Байқауға қатысушылар "Рухани келісім – бейбітшілік кепілі" тақырыбында өз шығармаларын ұсынды. Байқауға жас ерекшелігіне қарамастан барлық аудан тұрғындары белсенді қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша орындарды иеленген қатысушыларға арнайы диплом және бағалы сыйлықтар берілді.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Е.Әбілдаев марапат иелерін қуанышымен құттықтап, байқауға қатысқандары үшін алғысын білдірді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
01 желтоқсан 2018 ж. 1 628 0