Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бірінші баланы неше жаста тапқан дұрыс

Бірінші баланы неше жаста тапқан дұрыс

Әйел адамға баланы неше жаста тапқан жөн? 20, 30 немесе 40 жаста? Әрине, ақырғы шешімді ол өзі ғана қабылдай алады.
Ал дәрігерлер қандай кеңес береді және ерте және кеш жүктілік өзінде нені жасырады?
Әйел өміріндегі жүкті болып, бала көтеріп, туа алатын кезең бала туатын немесе репродуктивті деп аталады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша бірінші баланы туу үшін ұсынылатын жас – 20-25 жас аралығында.
Медицина тұрғысынан 20,22, 25 жас – бұл біріншіден адам жетілген жас. Толық гормоналды дамиды және біз әйел ана болуға дайын деп айта аламыз. Бұл ең жақсы жас. Ол гормоналды да дайын және біз айтқандай жетілді. Материалды тұрғыдан да қандай-да мүмкіндіктері бар. Сондықтан бұл ең жақсы кезең.
Егер жүктілік 20 жасқа дейін болса, жағымсыз салдарға әкелуі ықтимал. Әйел жас болған сайын, токсикоз, түсік және қансырау қаупі жоғары болады. Сонымен қатар, сәбилер салмағы аз болып туады, салмақты аз жинайды және сыртқы жағдайларға нашар бейімделеді. Дегенмен, әр әйелдің ағзасы дар
а және 20 жасқа дейінгі кезеңде дені сау бала тууы да ықтимал.
Қыздардың 16 жасында бала таппағаны жөн – неліктен? Біріншіден – олар толығымен жетілген жоқ. Екіншіден – олардың аналық сезігі дамымаған. Үшіншіден – олардың өзі әлі бала. Ағзалары толық жетілмеген және сүйектердің морттылығы, түрлі қансыраулар болуы мүмкін және жас кезімізде өзіміздің ауруларымызбен жиі кездесеміз, себебі ағза зерттеулерден өтпеген, ол ана болуға дайын емес.
Алайда, бірінші жүктілікті кейінге қалдырмаған да жөн. Әйелдердің репродуктивті функциясы 35 жастан кейін басыла бастайды. Бұл бірінші кезекте гормоналды фондағы өзгерістерге байланысты, олар табиғи түрде жүкті болу қабілетінің төмендеуіне, екеккір циклі мен овуляция үдерісінің бұзылуына әкеледі. Сонымен қатар, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сүйенсек – 35 жастан асқан әйелдерде өздігінен түсік тастау ықтималдығы – 17%, ал 40 жастан асқан әйелдерде — 33% құрайды. Бұл аналық жасушалардың 40 жасқа қарай айтарлықтай қартаюымен және ұрықтанғаннан кейін олардың көбінің ағзамен «брак» ретінде қабылдануымен байланысты. Мұндай жағдайда жүктілік күрделі генетикалық бұзушылықтармен болады.
Мамандардың барлық ұсыныстарына қарамастан әр әйел ана болуға дайын және ана болғысы келетіндігін әртүрлі түсінеді. Алайда кез келген жаста қаланған жүктілік мұқият жоспарланған, ал болашақ ананың өзі дәрігер бақылауында тұрақты болуға қажет болған жағдайда оның ұсыныстарына сөзсіз жүгінуі тиіс екендігін есте сақтаған маңызды. Жүкті әйел ересек болған сайын, мұндай ұсыныстар көп болады.
08 ақпан 2018 ж. 2 886 0