Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ырымдар мен тиымдардың мәні бар

Ырымдар мен тиымдардың мәні бар


-Қазақ баланы санамайды және санын айтпайды.

-Қалжа жемеген әйелдiң баласы ынжық, болбыр, икемсiз болып өседi.

-Баланы бесiкке саларда ешкiм сөйлемейдi. Егер бiреу сөйлеп қойса, была жылауық, өскенде өсекшi болады.

-Сәби шалқасынан жатып башайын тiстесе, оны “үйiрiн шақырып жатыр” деп ырымдайды. Яғни оның соңынан тағы бiр бала келедi деген ұғым бар.

-Сәбидiң қырқынан шыққанда қарын шашын алмаса – қарғысы қатты болады.

-Балаға қарғыс өтпеу үшiн оны үш кемпiрдiң бұтынан өткiзiп алады.

-Үйге кiрiп келе жатқан бала есiк алдына құлап қалса – үйге береке, ырыс, байлық келедi. Оны төрге апарып үш рет аунатады.

-Жүктi әйел шашын кессе – iштегi бала кемтар болып туады, бақыты кесiледi.

-Сәби шалқасынан жатып ұйықтаса – елге белгiлi азамат болып өседi, бүк түсiп ұйықтаса – уайымшыл, жiгерсiз болып шығады, етпетiнен жатып ұйықтаса – ойшыл болады.

-Балаға асық етiн мүжiтпейдi. “Алты жыл аш болсаң да, асық етiн мүжiме” деген бар.

-“Бойы өспей қалады” деп, жас балаға бұғана ұстатпайды.

-Қыздың басына ақ, қара орамал тартпайды. Ақ – жаулықтың, қара – қайғының белгiсi.

-Есiктiң тұтқасын жуған сумен көз тиген баланың бетiн, екi алақанын, екi табанын жуса, тәуiр болып кетедi.

-Қалы үлкейiп кетпесiн деп, қалымен туған балаға “Қалдыгүл, Қалдыбай” деп ат қояды.

-Әйел итке тас лақтырса – үйдiң ырысы кетедi, әйелдiң бағы қайтады.

-Аты сүрiншек болады деп балаға төстiң сүрiншегiн жегiзбейдi.

-Жеңiлтек болады деп қыз баланы қырқынан ерте шығармайды.

-Келiн атасы мен енесiнiң төсегiне отырмайды.

-Толғағы қатты болады деп екiқабат келiншекке толарсақ жегiзбейдi.

-Жас босанған әйел 40 күнге дейiн қолын суық суға малса – баласы тас бауыр болады.

-Бөбек мезгiлiнде еңбектемесе – оның бауырынан тағам толы табақ өткiзедi, сонда тез еңбектеп кетедi.

-Сәбидiң тiлi мезгiлiнде шықпаса – нағашысының үйiнен апарып, бiр қойды сойдырып, соның көтеншегiмен буындырады.

Сейiт Кенжеахметұлының кітабынан
https://elana.kz/

28 қаңтар 2018 ж. 1 699 0