Тіршілік тынысы Сырдария аудандық қоғамдық-саяси газет

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 90 газет

19 қараша 2019 ж.

№ 89 газет

16 қараша 2019 ж.

№ 88 газет

12 қараша 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Тереңөзек атауының сыры көп

Тереңөзек атауының сыры көп

Көнекөз қариялардың айтуынша, Тереңөзектің аты айтып тұрғандай, бұрын бұл маң терең өзек болған деседі. Сулы жер нулы. Қалың ну орман болған соң нар қамыстың арасын неше түрлі жыртқыштар жортып жүріпті. Ақырғанда адамның төбе құйқасы шымырлайтын жолбарыс та осы маңды мекендеген көрінеді. Қалың ішін жайлаған тарғыл шеріні аулау Сыр жұртының машықты өнері саналған. Бұл жөнінде көптеген аңыз-әңгімелер ел аузында жүр.
Күйдірсе де күннің көзі,
Қарыса да сан ызғар.
Бабалардан бізге қалған,
Өшпейтұғын,
сырға толы сан із бар.
Өтсе-дағы керуен ғасыр,
Ел ішінде сақталған,
Сыр бойында өшпейтұғын
Мынадай бір аңыз бар.
Бұл – көпшілік халықтың жүрегін кернеген «Жолбарыс пен жайын» туралы термеден үзінді. Бұл ғана емес, Сыр бойын мекендеген Тұран жолбарысы туралы ел аузында жатталған сан түрлі терме, аңыз-әңгімелер көп. Алайда сол тарғыл жыртқыштың соңғысы қашан атылғаны, кім атқаны әлі күнге белгісіз…
Тарихшылардың айтуынша, Сыр бо­йын­­дағы жол­барыстардың соңғы тұқы­­мы кешегі 1950 жылдар шамасында аң­шы­­лардың оғына ілініпті. Одан кейін да­рия бойынан ала шұбар жыртқыш көрін­бей кеткен. Жыртқыш­тың бәрін аңшылар жойып жіберді дегеннен аулақпыз. Олардың Сыр бо­йынан ығысуына сол кезде қазақ даласына келген отарбаның әсері болған. Түтіні будақтаған отарбаның гүрілдеген дауысы нар қамыс ара­сындағы тарғыл шеріні шеттетіп, бұл маңнан ығыстырып жіберді.
Дәл осы жәйттің бейнесін асқарлық өлкетанушы Жәнібек Маханбет үйінің төріндегі кескіннен байқадым. Қалың ну ішінде тісі ақсиған жолбарыстың Сауранбай көпірі тұсы­нан өтіп келе жатқан отарбаның дауысынан үркіп тұрған сәті бейнеленіпті. Бұл кескінді өлкетанушы арнайы салдырған екен.
– Бала кезімізде Қараөзек бойында тұрдық. Сол кезде үлкендерден естігеніміз осы дария бойын жолбарыс мекен еткен. Алайда пойыз жол салынып, отарбаның келуі ала шұбар жыртқыштың бұл маңнан ығыстырып жіберген. Негізі Тұран жолбарысы туралы көптеген аңыз-әңгіме бар. Тіпті, Мұхтар Мағауинның «Шақан шері» шығармасында осы Сыр бойын мекен еткен түз тағысы туралы айтылады. Бұл кескінді мен асқарлық суретші Шахмұрат Сейітмұратұлына арнайы сұ­ра­ныспен салдырдым, – дейді Ж.Махан­бет.
Қарап тұрсақ, мұның өзі бір тарих.

Е.БЕРКІНБАЕВ

02 қараша 2019 ж. 258 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам