Қазақ жерінен жойылып кеткен 5 жануар (фото)
Тұран жолбарысы
ⒸАшық дереккөзТұран жолбарысының салмағы 250-300 келі тартатын. Бір ерекшелігі – жирен түсті жүнінің бояуы қанық. Қысты күні терісі, әсіресе, қарын тұсының жүні қалыңдай түседі. Тұмсығында қою мұрты болған.
ⒸАшық дереккөзРесейде жарық көрген «Военный сборник» журналының 1871 жылғы санындағы «Табиғат және аңшылық» деген бөлімінде Сырдария бойында тұратын Шақан деген аңшы жайында мақала басылған. Шақан аңға кеткен бір күні түнде адамжегіш жолбарыс киіз үйге кіріп, баласын өлтіріп, әйелін қамысқа сүйреп әкетеді. Қатты күйінген Шақан жолбарысты өлтірмекке ант береді. Ақыры сөзінде тұрған аңшы бірнеше шұбар аңның көзін жояды. Бұл туралы Мұхтар Мағауиннің «Шақан-Шері» романында егжей-тегжейлі жазылған.
«Тоқсан үйлі тобырды» аңшылықпен асыраған Қамбар батырдың жолбарысты құйрығынан ұстап, басынан айналдыра лақтырып өлтіргені де жырда көркем баяндалады.
Еуропалықтар келгенше Қазақстандағы жолбарыс популяциясы біршама болды. Аң патшасын жоспарлы түрде аулау 1891 жылдан басталады. Жедел атылатын жойқын қарумен жарақтанған орыс армиясы отарланған жерді жыртқыштардан тазалау үшін арнайы отрядтар ұйымдастырды. Жекелеген аңшылар да түгі құлпырған қымбат терісі үшін жолбарысты қынадай қырған.
ⒸБиолог Қ. Мұсабековтің жеке мұрағатынанҚұжаттарға қарағанда, Жетісудағы соңғы жолбарыс 1940 жылы аңшылар оғына ілінген. Арада бірнеше жыл өткен соң Іленің төменгі етегінен ізін көргендер бар.
Кеңес үкіметі 1947 жылы жолбарыстарды аулауға тыйым салғанымен, бұл кеш қабылданған шара болды. 1960 жылдардың ортасынан бастап Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабының бірінші санатына Тұран жолбарысы «жойылып кеткен» түр ретінде енгізілді.
Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры мен Қазақстан үкіметі Ресейдің Қиыр шығысындағы Амур жолбарысын Іле-Балқаш өңіріне жерсіндіруді көздеп отыр. Жобаның құны – 50 млн АҚШ доллары.
Тарпаң
ⒸАшық дереккөз
ⒸАшық дереккөзТарпаңның екі түрі белгілі: дала тарпаңы және орман тарпаңы. Дала тарпаңының ең соңғысы 1879 жылы Украинадағы «Аскания-Нова» қорығының маңында, орман тарпаңының ақырғы тұяғы 1814 жылы қазіргі Калининград облысы маңында өлтірілген. 20 ғасырда тарпаңның тұқымын қайта шығару үшін Польша мен Германияда жүргізілген іріктеу-будандастыру жұмыстары еш нәтиже бермеді.
Қабылан (гепард)
ⒸАшық дереккөзҚабылан – дүниедегі ең жүйрік аң. Сондықтан қазақ даласын билеген хан-сұлтандар кезінде оны қолға үйретіп, аңға салған. Терісі өте бағалы болғандықтан, көп ауланған. Қабыландар қазір Африка құрлығы мен Таяу Шығыста қалған.
Тоғай бұғысы
ⒸАшық дереккөзҚызылқұм арқары
ⒸАшық дереккөз











Пікір 2