СЫРДЫҢ СОҢҒЫ ШЕРІСІ
Талантты жазушының «Шақан Шері» шығармасын оқымаған жан жоқ шығар. «Жолбарыс аулау – қазақтың ата дәстүрі, машықты өнері. Төріне тарғыл жолбарыс ілінбеген үйде найза ұстар ұл тумайды деген бабаларымыз. Ол заманда ұзын аққан Сырдария, қамысы қалың Шу бойы қаптаған жыртқыш екен. Ал Іленің етегінде жапырлап жүрсе керек. Жолбарыс – ерекше киелі мақұлық. Бағзы бір кезде тәуіптер сүйегін ұнтап дәрі жасайтын, етін қақтап, өтін кептіріп, майын шыжғырып, ұма безі мен қамшысына дейін кәдеге асыратын. Бұл шеріде диюдің күші, жынның жылдамдығы бар…». Бұл үзінді М.Мағауиннің «Шақан Шері» романынан алынып отыр.
Иә, қазақ даласында бұрында жолбарыс та, аң патшасы арыстан да мол болған деседі. Жолбарыстың пысы өте күшті, ақырған даусын естігенде адамның төбе құйқасы шымырлайды екен. Ал Жанқожа бабамыздың киесі осы тарғыл шері болған деседі.
Сыр өңірінің нар қамысында бір замандары ала шұбар жолбарыстардың өмір сүргенін бала кезден естіп өстік. Осынау қаһарлы түз тағысы туралы аңыз-әңгімелер ел аузында да жеткілікті. Мәселен, көптен бері термелетіп айтылып жүрген «Нән жайын мен жолбарыс» балладасы сөзіміздің дәлелі деуге болады.
Мұнан бөлек, белгілі батыр әрі әулие Жанқожа бабамыздың киесі жолбарыс болғанын ескерген жөн. Кей әңгімелерде даңқты батыр түз шерісіне 5 жасында әкесі Нұрмұхаммедтің атына міңгесіп, нағашыларына қарай жолға шыққанда ұшырасыпты.
Сырдың ну қамысының ішіне кіріп, шығар жол таппай тұрғанда әкелі-балалы салт аттының алдынан таудай мақұлықтың шыққаны, үріккен аттың алдына келіп, тізесін бүккені айтылады. Әкесінің алдында отырған бес жасар баланың түз шерісінен қорықпай, қайта жолбарыстың желкесіне мініп, қамыстан өтіпті-мыс. Міне, осы оқиғадан кейін жолбарыс батырдың киесіне, қысылтаяң сәтте көмекке келер қорғаушысына айналғанын түрлі деректерден оқып келеміз. Жолбарыстың тектілігі сонда – ол адамға өздігінен тиіспейтін көрінеді. Қастық алдымен адамның өзінен шығады деген ойды айтады «Шақан Шері» шығармасының авторы.
Осындай жебеуші киенің қазақтың даңқты тұлғаларында көптеп кездескенін естиміз. Әбіш Кекілбаевтың «Үркер» оқыған кісінің Әбілқайырға жапан далада қызыл түлкінің ұшырасатынын, Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясында Абылайдың ақ бурасының суреттелетінін білмеуі мүмкін емес. Бұған қоса, «жиырмасыншы ғасырдың Гомері» атанған Жамбыл бабамыздың да киесі жолбарыс болғаны айтылып жүр.
Иә, әрбір аңыз бен әпсананың астынан шындықтың құлағы қылтиятынын, мұндай әңгімелердің жөн-жосықсыз айтылмағанын ескергеніміз жөн.
Тарихшылардың айтуынша, Сыр өңіріндегі жолбарыстардың соңғы тұқымы кешегі 1950-жылдар шамасында аңшылардың оғына ілініпті.
Біздің көптеген тағылымды тарихымыз, қатпарлы шежіреміз туралы саяхатшылардың қалдырған мәліметтері орасан. Жоталы жолбарыстар туралы ХIХ ғасырда өмір сүрген поляк саяхатшысы, суретші Бронислав Зелесский «Арал мен Сыр бойындағы нар қамыстарды жолбарыс атаулының ең көрікті тұқымы мен қарақұрым қырғауыл мекендейді» деп жазып қалдырған екен.
Ал, капитан-лейтенант Иваншинцев болса: «Сырдария, Арал маңындағы дала жайында» деген кітабында «Ақмешіт аймағынан жолбарыстарды жиі көресіз. Біз олардың жағалауға жақын жерде және қамыс арасынан ізін көрдік. Бірде таңертең біздің теңізшілер сол ізге еріп, қамыс арасынан жолбарыс жеп кеткен еліктің сүйегін тапқан. Өліп жатқан еліктің жанынан үңірейген жолбарыстың ізі сайрап жатты» деген деректер айтады.
Тұранның төрінде жемтігіне де, жауына да жалғыз жортатын осы аң жайлы жалғыз бұл кісілер емес, тарихшы ғалым Мәди Кереев көптеген қызықты зерттеулер жүргізген. Сондай-ақ, Арал аймағына біршама экспедициялар жасап, өткенімізден құнды деректер қалдырған орыс географы Лев Бергтің кей еңбектерін көзі ашық жандар жақсы біледі. Оның 1857 жылы Санкт-Петербургтен шығатын «Теңіз жинағы» журналында «Сыр жағасындағы жолбарыстар туралы» мақаласы да жарияланған.
Сонда табиғаты сұлулыққа тұнып тұрған Сыр бойындағы өзендер мен көлдердің жиегіндегі қамыс ішінде аң патшасының жортатыны, қабандар мен қызыл қасқыр, түлкі, қояндардың көптеп кездесетіні тәптіштеліпті. Осы көнекөз шежірелі деректерден-ақ, Тұран ойпатының бір кездері жан-жануарларға, аң-құстарға ұя болғанын, қазіргі таңда тек теледидардан ғана көретін аңдардың өткенін еске алуға болады.
Дархан даланың киесіне, өзен-көлінің иесіне айналған жолбарыс тұқымы біздің замандас¬тар мен кейінгілерге тек аңыз ретінде ғана жетпек. Аңыз демекші, ең өкініштісі бүгінгі таңдағы ғылыми айналымға осы тарғыл жолбарыстар туралы бірде-бір еңбек түспепті.
P.S: «Туған жер – тұнған шежіре» екені рас. Бұл араның әр тұлғасы, аң мен құсы, шөл мен көлі елім деп елжіреген жандарға алтыннан да қымбаттығын білеміз. Ал, біздің міндетіміз ойлы оқырманға қасиетті өлкенің өткенінен шағын ғана сыр шерту болатын.
Е.ЖҰМАБЕКҰЛЫ

Пікір 3