Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » БЕСҚЫЗ МАЗАРЫ

БЕСҚЫЗ МАЗАРЫ

Шиелі ауданы, Сұлутөбе қыстағынан солтүстік шығысқа қарай шамамен 160 шақырым қашықтықта Бесқыз мазары орналасқан. Кесене бидай сабағы мен арам шөп араласқан қам кесектен соғылған.
Қазіргі таңда мазар жел мен судан мүжіліп, қираған. Ешқайсысының басында атау жоқ. Ортада тұрған үлкен бейіттің қабырғасы төрт қатар кесектен өрілген. Бір күмбезі болған. Бес бейіт те бір төбенің басында, көлдің жағасында орналасқан.
Көнекөз қариялардың айтуынша, бес бейітте жерленген бір рудан тараған аталарының атын атай алмаған келіндері «Бестам» деп атап кеткен. «Бесқыз» аталуы жөнінде тағы бір аңыз бар.
«Кесенелер орналасқан төбенің қасындағы көлге бір байдың бес қызы бір-бірін құтқарамын деп суға кетіп өлген солардың моласы»,- дейді.

Г. АСҚАРҚЫЗЫ
27 тамыз 2018 ж. 1 218 0