Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Доңыз қауақ

Доңыз қауақ


Бүгінгі Тартоғай станциясының 18 разъ­езін­дегі Нәнсайдан басталып, қырбетін ала жалғыз жолдың сыртымен кезіндегі балық колхозы болған Ақтоғайға тіреліп, тура батысқа қарай Көлтабан, Көкжиде, Мардан, Қызыл егінші, Бидайкөл, Кекірелі, Сәдір сарай, Оспан көпір, Қарауыл төбе, Абай, Комсомол совхозы үстімен Қасаболат, Бозой кесенесі, Көксу сбросы, Кілем жайған, Айнакөл, Шегіртке, Балапанды, Бірқазан көлі, Қараойма, Қылетпе арқылы Қарарын көліне жалғасады. Осы Қарарында «1-май» балық колхозы кешегі күнге дейін балық аулап мемлекетке көп мөлшерде өткізіп келді. Ал Қараөзек дариясының бұрынғы сағасы Көксу арнасы Сұлутөбе станциясының бер жағындағы 15 разъезд тұсындағы Сырдариядан саға алып, жоғарыда көрсетілген жерлерді түгел аралап, Қарарын арқылы Қаракөлге, одан Бегім көлін толтырып, Қараөзек дариясына құяды. Қараөзек арнасы болса есіле ағып, Қармақшының бер жағындағы «Марал ишан» кесенесінің алдымен Сырдарияға қайта қосылады. Міне, осы аталған жерлер кезінде Сырдария ойпаты деп аталып, бұл жер заманында айдын шалқар су болғаны, өн бойын қалың қамыс басқаны тарихтан белгілі. Көз көргендер мұндағы қамыстың мол болғаны сонша биіктігі 4-5 метр, жуандығы 20-25 мм-ге дейін жеткендігін, қалың ну болғанын айтады. Ал осы қалың қамыс ішін кешегі заманда Сыр жолбарысы мекен еткенін жұрт жақсы біледі.
«Жолбарыс аулау – қазақтың ата дәстүрі, ма­шықты өнері. Төріне тарғыл жолбарыс ілінбеген үйде найза ұстар ұл тумайды деген бабаларымыз. Ол заманда ұзын аққан Сыр-Дария, қамысы қалың Шу бойы қаптаған жыртқыш екен. Ал Іленің етегінде жапырлап жүрсе керек. Жолбарыс – ерекше киелі мақұлық. Бағзы бір кезде тәуіптер сүйегін ұнтап дәрі жасайтын, етін қақтап, өтін кептіріп, майын шыжғырып, ұма безі мен қамшысына дейін кәдеге асыратын. Бұл шеріде диюдің күші, жынның жылдамдығы бар…». Бұл қазақ жазушысы М.Мағауинның «Шақан Шері» романынан алынған үзінді. Осыған қарап ХІХ ғасырдың орта шеніне дейін Сырдария ойпатында Тұран тағысының жортқанын, адамдарға, малға қатер төндіргенін анық байқауға болады. Ел аузында жүрген аңыз-әңгімелер де бұған айғақ. Тіпті, жергілікті халықтың патша өкіметіне шағымданып, сол бойынша Сібір аңшыларының Сыр барысын аулауы, жергілікті аңшылардың да қақпан құруы болған жағдай. Ұсталған жолбарыстың терісінен ауқатты байлар түс кілем жасатқан дейді көнекөз қа­риялар. Қалың қамыс арасынан тарғыл тағыға тұзақ құру жыртқыштың жойылуына әкеліп соқтырды. Оның үстіне, Сырдария ойпатында судың азаюы да, осы төңіректен 1905 жылы теміржолдың өтуі де жолбарыстың жоғалуына себеп болды.
Сыр бойын жолбарыс жайлағанда тұрғы­лықты халық одан сақтанудың түрлі жолдарын қарастырған. Жоқ іздеп жолға шыққанда түз тағысы қауіп төндіретінін біліп, оны қорқыту үшін «Доңыз қауақ» құралын пайдаланыпты. Аты айтып тұрғандай, бұл құралдан қалың қамыс арасындағы жолбарысты қорқытатын ды­быс шығатын болған. Оны қолданып көрген асқарлық ақсақал Алтынбай Кенбаев былай дейді:
– Жас кезімде әке-шешем бақша егетін. Егіл­ген бақшаны шаруашылықтың сиырлары таптап, еңбекті құр-зая кетірді. Амал таусылғанда осы жәйттен хабардан әжем маған: «Шырағым, ана қауақтың екі басын кесіп, ішін тазарт. Оның үлкен бетіне ешкі терісін жауып, ортасын тесіп, одан жылқы құйрығынан қалыңдығы елідей қылды өткіз де, ішкі жағындағы шетін түйінде. Қауақтан бір жіп алып, оны ердің алдыңғы қасына байлап ал. Содан соң шүберекті ылғалдап қылдың бойымен қайта-қайта ысқылай берсең, қорқынышты дыбыс шығарады» деді. Доңыз қауақты әжемнің айтуымен дайындадым. Шаруашылықтың ферма меңгерушісі «малыңа ие бол» дегенге құлақ аспады. Содан бақшаға түскен малды үркіту үшін осы доңыз қауақты пайдаланғаным әлі есімде. Әлгі дыбыстан шошынған сиырлар безе қашты. Сол қуғаннан С.Сейфуллин жеріне дейін үркітіп апарып тастаған едім.
Доңыз қауақты не үшін қолданғанын сұра­ғанда кейуана кезінде адамдар жоғалған малды іздеп шыққанда қалың қамыс арасындағы жолбарысты үркітіп, қорқытуға пайдасы тигенін айтыпты.
Бұл жәйді бізге өлкетанушы Жәнібек Маханбет айтқанда ертегі секілді көрінді. Сенімсіздеу түрімізді байқаған соң шежірелі қария сарайға кірді де бір қапшықты алып шықты. Ішінен доңыз қауақты шығарып, оң аяғына байлады да елідей болған жылқы қылын қолына киген қолғабымен ысқылай бастады. Ана дауысты естігенде аяғымызға оралғы болып жүрген күшік қашып кетті. Ал бізде үн жоқ. Шынында да айбатты жыртқышты үркітетіндей үн бар...


Ердос СӘРСЕНБЕКҰЛЫ,
Оқиға желісі өлкетанушы
Ж.Маханбеттен алынды
16 қазан 2018 ж. 2 502 1

Гость JeaOrer от 4 ақпан 2019 01:47
Forum Viagra Pharmacie viagra Lasix Kopen Lasix For Dog Without Prescription Cialis For Slae Cheap cheapest cialis Kamagra Livraison Rapide Achat Buy Viagra Pfizer Online Pediatric Keflex Propecia Laboratorio Worldwide Dutasteride Buy Now Fedex Shipping Doryx Tablet Medicine Visa order cialis online Purchase Elocon C.O.D. With Free Shipping Low Price Macrobid Pills Price cheap isotretinoin accutane with free shipping Kamagra Jelly 100mg Strasburgo Cheap Ed Pills canadian pharmacy cialis 20mg Obtaining Viagra Without Prescription Generic Viagra Reviews Cialis 5 Mg Daily Success Wherecan I Get Dompetidone Without Rx viagra Viagra Nebenwirkungen Flush Viagra E Cialis Differenze