Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сала мамандарымен кездесті

Сала мамандарымен кездесті

Абырой биігінен көрінген диқандар еңбегі әркез мақтауға лайық. Осы орайда аудандық орталықтандырылған кітапханада оқырман қауымы дала еңбеккерлерімен кездесті. Оған ауыл шаруашылығы саласы мамандары қатысты.
Кездесуді ұйымдастырушылар да­ла қосында тынымсыз еңбек еткен ерлердің еңбегі кейінгі жастарға үлгі болу керектігін атады. Осы тұста сөз алған аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің әдіскері Бақытжан Сәрсенов аудан еңбеккерлерінің биылғы жеткен жетістігін тізбектеді. Тиісінше, бұл жылы да сырдариялық диқандар мерей биігінен көрінді. Қамбаға мол өнім құйып, ала жаздай маңдайын күн сүйген еңбеккерлердің еңбегі еш кеткен жоқ. Өздеріне бекітілген егістіктен мол өніммен шығып, облыс, ауданда озат атанды. Бөлім маманы өз сө­зінде жақында ауданда диқандар то­йы дүбірлеп өткенін атап, онда үз­діктер марапатталғанын айтты. Сон­дай-ақ «Елде болса ерінге тиеді» деген­дей, алтын күздің молшылық ме­­­­­ре­кесінде тұрғындарға жәрмеңке ұйымдастырылып, сырдариялықтар жа­ңа егіннің дәмін татқанына тоқтал­ды.
Сөз кезегінде ауыл шаруашылығы сала­сының ардагері Қалмахан Әлі­шеров құрметке жету үшін ерінбей ең­­бек ету керектігін айтты. Қатардан қал­­­­май, елеулі еңбек еткенде адамның еңсесі биік болатынын тіл­­­ге тиек етті. Ал «Қызылдихан» ШҚ-ның өндіріс бригадирі Аманжол Бәйім­бе­­­тов уақытпен санаспай жұ­мыс істегеннің нәтижесінде марапат тө­рі­нен көрінгенін жеткізді. Атал­ған шаруашылық жыл сайын аудан қамбасына мол өнім құяды. Бұл жұмысқа тәжірибелі өндіріс бригадирі өз үлесін қосуда. Сондай қажырлы жұмысының арқасында биыл облыста өткен «Алтын дән» салтанатты шарасында «Жан Арай» ЖШС директоры Б.Махашев 1 млн теңге қар­жылай сыйақы берді. Сөйтіп, «Қызыл­ди­хан­ның» бригадирі озат және миллионер бригадир атанды.
Сонымен қатар кездесуде «Қызыл­дихан» ШҚ күрішшілері Ға­лым­­­жан Са­ғымбаев пен Сәбит Өскін­баев жас­тайынан егін даласында өскенін жеткізді. Ғ.Сағымбаев соңғы 3-4 жылда шаруашылық чемпионы атанған. Биыл өзіне бекітілген жерден 56 центнерден орташа өнім алған. Ал С.Өскінбаев 53 центнерден өнім алып, үздіктер қатарынан көрінді.
Кездесуде дала еңбеккерлері көп сөйлеген жоқ. Әрине, олар сөздің емес, істің адамы. Тек бәрі дана Абайдың «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген нақылын қайталаумен болды. Бұл олар үшін ұранға айналғандай. Кездесуге қатысқан жастарға осыны ұқтырып, еңбек бәрін жеңетінін атап айтты.

Е.БЕРКІНБАЕВ

26 қазан 2019 ж. 409 0