Қыстың көркі – ұлпа қар

Қаңтар айының соңында ақ ұлпа қар жауып, табиғат әсемдене түсті. Бұрынғыдан көлемі көп түскен қардың ерекше көрінісіне жұртшылық айрықша таңғалысын жеткізіп үлгерді. Ауласында аққала жасаған балалар мен көше бойында немересін шанамен сырғанатқан үлкендер жүзінен қуаныш көресіз. Өз кезегінде аудандық басылымның «Фотоэтюд» айдары бойынша Тереңөзек кентінің қарға оранған көрікті жерлерін оқырманға ұсынып отырмыз. Сонымен бірге көшені қалың қардан тазартқан еңбек адамы да кадрдан тыс қалмады.
Редакциядан










