Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 2018 жылы қазақстандық компаниялар Қытайға үш есе көп кәмпит экспорттайды

2018 жылы қазақстандық компаниялар Қытайға үш есе көп кәмпит экспорттайды


Қазақстандық кондитерлік өнімдер «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы» арқылы нөл мөлшерлеме көлеміндегі қосымша құн салығымен саудаланатын болады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі LS сайтына сілтеме жасап.
Компаниялар осы аймақта баж салығынсыз сауда жүргізу арқылы қосымша құн салығын қайтару үшін Қытайға тауар экспорттау мүмкіндігіне ие болады.
«Осы мәселеге байланысты «Атамекен» ҒӨК-ке бардық. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл мәселенің шешілетініне сендірді. Бұрын шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығындағы шекаралық бекет нөмірі экспорт расталған тізімге енбегендіктен, экспортты құптай алмай отырдық. Енді 2018 жылдан бастап «Қорғас» арқылы тауар сатып, қосымша құн салығын төлемейтін болдық», - дейді кондитерлер ассоциациясының президенті Әлихан Талғатбек.
Сарапшының айтуынша, аталған норма енгізілгеннен кейін Қытайға кондитерлік өнімдер үш есе көп экспортталуы мүмкін. Талғат мырза қазір отандық кәсіпорындар 50% жұмыс істеп жатқанын тілге тиек етті. Инвестицияның көбейетінін ескерсек, фабрикалар өнімі де айтарлықтай ұлғаюы мүмкін.
«Бізге бұл мәселені түбегейлі шешіп, өндіріс қарқынын күшейте түсу қажет. Себебі, Қытай ғана бізден 100 мың тонна көлемінде кондитерлік өнім сатып алуға дайын. Осы тұста тілдік және ментальды ерекшеліктер, кедендік рәсімдеулер сынды қиындықтар барын ескеруіміз керек. Бірақ, біз осы мәселелер төңірегінде жұмыс істеп жатырмыз. Мысалы, ассоциацияға Қытайда логистикалық хаб құру мәселесін көтердік. Әрбір ойыншы сол жерге тауарын жеткізіп, кейін сол жерден сата алады. Бұл қазақстандық кәсіпкерлер үшін тиімді болатын еді. Себебі, әр компанияның жеке-жеке жұмыс істеуі қиын. Келісім бар, тек егжей-тегжейлерін талқыға салу қалды. Бірақ бұл жерде сенім мәселесі де орын алып отыр. Компаниялар өзара бәсекелесетіндіктен, бұл ұсынысқа асқан сақтықпен қарайды», - дейді кондитерлер ассоциациясының президенті.
02 қаңтар 2018 ж. 1 751 0