Назарбаев «Шевронның» жаңа бас атқарушы директорымен танысты
Нұрсұлтан Назарбаев «Шеврон» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Джон Уотсонмен кездесті.
Кездесу барысында тараптар Қазақстанның «Шеврон» компаниясымен мұнай-газ саласындағы ынтымақтастығын одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.
Мемлекет басшысы мұнай-газ саласына қатысты жобаларды бірлесе іске асырудың тиімділігін айтып, Джон Уотсонға осы жұмыстарды атқаруға қосқан үлесі үшін ризашылық білдірді.
– Қазақстан «Шеврон» компаниясымен ерекше қарым-қатынас орнатты. Біз ширек ғасырдан астам уақыттан бері бірге жұмыс жасап келеміз. Мен бірлесе атқарған жұмыстарыңыз үшін Сізге алғыс айтқым келеді. Біз сіздермен өзара тиімді ынтымақтастық орната білдік, – деді Қазақстан Президенті. Джон Уотсон Қазақстан мен «Шеврон» компаниясының ынтымақтастық мәселелерін талқылап, оны әрі қарай дамытуға қатысты пікір алмасуға мүмкіндік туғызғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты.