Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда көмір бағасы бір жылда 28% қымбаттады

Қазақстанда көмір бағасы бір жылда 28% қымбаттады


Қазақстанда соңғы 5 жыл ішінде алғаш рет тас көмір өндірісі көлемі ұлғайды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ranking.kz сайтына сілтеме жасап.
Өткен жылы 0,5% (52 теңге) арзандап, бір тонна көмірдің бағасы 9,5 мың теңге болды. 2017 жылы көмір бағасы 27,6% (2,6 мың теңге) өсіп, бір тоннасының бағасы 12,0 мың теңге болды. Осылайша Қазақстанда соңғы бес жылда алғаш рет көмір бағасы айтарлықтай қымбаттады.
2017 жылдың қаңтар-қараша айларында тау-кен орындары 95,9 млн тонна тас көмір өндірді. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 5,2% (4,8 млн тонн) көп. Көмір бағасы Қазақстанның барлық аймағында қымбаттады. Ең арзан көмір Павлодар қаласында 1 тоннасының бағасы 7 890 теңгемен сатылып жатыр. Аталған аймақта көмір бағасы 27,6% (1 705 теңге) қымбаттады.
Көмір бағасының арзандығы жағынан екінші орында Семей қаласы тұр. Аталған аймақта көмірдің бір тоннасы 7 937 теңге болып сатылып жатыр. Бір жыл ішінде көмір бағасы 10,1% (726 теңге) өсті. Осы үштікті Өскемен қаласы бекітеді. Бұл аймақта көмірдің бір тоннасы - 8 512 теңге. Аталған баға 2016 жылмен салыстырғанда 9,8% (762 теңге) көп. Ал керісінше көмір Орал, Шымкент және Жезқазған қалаларында қымбат бағамен сатылып жатыр. Оралда – 17 000 теңге, Шымкент пен Жезқазғанда – 14 500 теңге.

02 қаңтар 2018 ж. 1 711 2

Гость JeaOrer от 22 ақпан 2019 23:40
Propecia Results How Long Before Keflex For Animals priligy ficha tecnica No Script Levitra Buy Kamagra Pills Online

Гость JeaOrer от 12 наурыз 2019 05:39
Propecia 0 5 Precios De Propecia Licensed Mexican Pharmacy Online levitra lowest price Doxycycline Skin Health On Line Viagra Ersatz Nachnahme