Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Миллиондаған смартфон WhatsApp мессенджерінен бас тартуға мәжбүр

Миллиондаған смартфон WhatsApp мессенджерінен бас тартуға мәжбүр


2017 жылдың 31 желтоқсанынан бастап көптеген ескірген операциялық жүйе WhatsApp қосымшасын қабылдамауы мүмкін, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі мессенджердің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жыл соңында көптеген смартфон WhatsApp мессенджерінен бас тартуға мәжбүр болып отыр.
«Біз 2017 жылдың 31 желтоқсанынан бастап BlackBerry ОС және BlackBerry, Windows Phone 8.0 және одан да ескі нұсқаларын, 2018 жылдың 31 желтоқсанынан бастап Nokia S40, 2020 жылдың 1 ақпанынан бастап Android операциялық жүйесінің 2.3.7 нұсқаларынан бас тартамыз», - делінген хабарламада.
Құрастырушылар жоғарыда аты аталған платформалардың мессенджерді дамытуға бағытталған функцияларының жоқ екенін айтады. Мұнымен қатар, аталған платформалар алдағы уақытта да жаңартылмайтындықтан, оларға WhatsApp қосымшасы мүлдем орнатылмауы мүмкін.
«Егер сіз де осы ұялы телефондардың бірін қолданатын болсаңыз, ОС жүйесін жаңартуға немесе Android ОС 4.0+, iPhone iOS 7+ немесе Windows Phone 8.1+ құрылғыларын таңдауға кеңес береміз. Бір құрылғыда бір ғана WhatsApp болуы мүмкін екенін ұмытпаңыз. Қазіргі таңда чатты бір платформадан екіншісіне аудару мүмкін емес. Десе де, біз осы чаттарды электронды пошта арқылы жіберетіндей жасап отырмыз», - делінген хабарламада.
29 қараша 2017 ж. 1 203 0