Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің камералдық бақылау қорытындылары

Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің камералдық бақылау қорытындылары

Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2024 жылы жалпы сомасы 811 млрд. 256 млн. теңгені құрайтын 22 961 мемлекеттік сатып алу лоттары қаралған.

Оның ішінде 2 886 лот бойынша (сомасы 19 млрд. 318 млн. теңге) бұзушылықтар анықталып, 2 774 хабарлама жолданды. Оның ішінде 659 хабарламаға сәйкес мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер енгізе отырып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын кері қайтарып алу, 7 хабарлама бойынша конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға) өзгерістер енгізу, 424 хабарламаға сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою, 1 684 хабарлама бойынша қорытынды хаттамасын хабарламаға сәйкес келтіру.

Әлеуетті өнім берушілерден мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жолданған 4 064 шағым қаралды, Оның ішінде, 835-і толық қанағаттандырылды (20,6%), 1 619-ы қанағаттандырылмады (39,8%), 1 610 шағым бойынша ішінара расталды (39,6%).

Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігінде көзделген хабарламаларды орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін лауазымды тұлғаларға 46 хаттама толтырылып, материалдар сотқа жолданды. Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу саласында заң бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғаларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 207-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы 59 хаттама толтырылды.

С.ЕРЖАНҰЛЫ,
Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің камералдық бақылау бөлімінің басшысы
Фото: Нұрболат НҰРЖАУБАЙ
28 ақпан 2025 ж. 90 0