Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бюджет қаражаты толық игерілуі қажет

Бюджет қаражаты толық игерілуі қажет

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрғалығымен өткен мәжілістен соң аудан әкімі Берік Сәрменбаев жиын өткізіп, бірқатар мәселелерге тоқталды.

Алдымен, аудан басшысы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелеріне тоқталып, мемлекеттік бағдарламалар арқылы кәсіпкерлікті дамыту қажеттігін атады. Бүгінде аудан бойынша 3,9 млрд. теңгеге 273 жобаға қаржылай қолдау көрсетілген. Оның қатарында халықтың табысын арттыру мақсатында «Ауыл аманаты» жобасы жүзеге асырылуда.

Мұнан соң аудан әкімі аудан бюджетінің жыл қорытындысымен болжамды игерілу мәселесін атап өтті.
– Жыл қорытындысымен аудан бюджеті қаражаттары толық игерілуі қажет. Қаржының төмен деңгейде игерілуі және жұмыстардың сапасыз орындалуы үшін бірінші басшылардың жауапкершілігі қатаң қаралатынын ескертемін. Мәселе туындамауы қажет, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Мәжіліс барысында мерзімді әскери қызметке азаматтарды жөнелту мәселесі де қаралды. Құқық қорғау қызметкерлерімен бірлесе жұмыс жасап, азаматтардың Отан алдындағы борышын өтеу жұмыстарын сапалы атқаруды тапсырды.

Жиын қорытындысында Берік Әбдіғаппарұлы әрбір әкім өзі басқаратын елді мекендегі жұмыссыздар санын азайту, жаңа жұмыс орындарын ашу, халықтың табыс көзін арттыру секілді негізгі шараларға баса назар аударуы керектігін айтты. Әсіресе, мемлекеттік бағдарламалар арқылы кәсіпкерлікті дамыту керектігін ескертіп, әкімдерге нақты тапсырмалар берді.
30 қазан 2024 ж. 105 0