Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

№93 газет

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бюджет қаражаты толық игерілуі тиіс

Бюджет қаражаты толық игерілуі тиіс

Кеше аудан әкімінің орынбасары Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен аппарат жиыны өтіп, күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Оған ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім және тиісті мекеме басшылары қатысты.

Бас қосуда бюджет қаражатының игерілуі бойынша аудандық қаржы бөлімінің басшысы Айнұр Есмағанбетованың хабарламасы тыңдалды.

– Ағымдағы жылдың 5 айының қорытындысымен аудан бюджетінің түсімдері 6015,1 млн теңгеге немесе 101,5%-ға орындалды. Өз кірістердің есепті кезеңге жоспары 1981,5 млн теңге, нақты 2078,1 млн теңгеге немесе 104,9%-ға орындалып, 96,6 млн теңге артық түсірілді. Оның ішінде салықтық түсімдер – 89,8 млн теңге, салықтық емес түсімдер – 6,2 млн теңге, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0,6 млн теңгені құрады, – деді Айнұр Амантайқызы.

Есепті кезеңде игерілмеген бюджет қаржысы бар екені де айтылды. Оны толық және сапалы игерілуін қамтамасыз ету – негізгі міндеттердің бірі. Қаржыны мерзімінде әрі толық игеруде ешқандай объективтік немесе субъективтік себептер қабылданбайтынын жеткізген Берік Әбдіғаппарұлы ауданның бас қаржыгеріне жоспарлы әрі нақты жұмыстарды үйлестіруге бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Мұнан соң тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жеңісбек Файзуллаев атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларды тізбеледі.

Аталған бөлім биыл 1,7 млрд теңгенің 36 жобасы бойынша жұмыс жасауда. Оның ішінде 2 жоба аудандық маңызы бар жолдарға орташа жөндеу, 20 жоба кент және ауылішілік жолдарға орташа жөндеу, 1 жоба абаттандыру болса, 6 жоба газ желісін орнатуға бағытталған. Аталған жұмыстарға негізгі қаржы көздері ұлттық қор мен облыстық бюджеттен қарастырылған.

Қазіргі таңда автомобиль жолдарын жөндеу бойынша бірінші кезекте кент және елді мекендердегі сапасы төмен жолдарға көңіл бөлінуде. Осыған сәйкес жобасы дайын автомобиль жолдарын қаржыландыру бойынша кезектілікті ауылдық округтердегі қауымдастық жиынның отырысы арқылы қабылдауға мүмкіндік берілген. Яғни кез келген елді мекен тұрғындары өзектілігіне сәйкес жөндеуді қажет ететін негізгі жолдарды атқарушы органдарға ұсына алады.

– Ал газдандыру мәселесі бойынша биыл 4 ауылдық округ табиғи отын игілігін көреді деп жоспарланған. Олардың қатарында Қалжан ахун, С.Сейфуллин, А.Тоқмағанбетов және Шаған елді мекені бар. Аталған мәселе бойынша екі ауылдың алғашқы этаптық жұмыстары аяқталды. Екі елді мекеннің жобалық-сметалық құжаттары мемлекеттік сараптамадан өтуге ұсынылатын болады, – деді бөлім басшысы.

Сонымен қатар аудан әкімінің орынбасары Берік Сәрменбаев кенттегі жол белгілерінің жай-күйі мен жағдайларына қатысты Ержан Бахтияров пен Жеңісбек Исламұлына тапсырмалар жүктеді.




Аудан әкімінің баспасөз қызметі
16 маусым 2022 ж. 264 0