Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Инвестиция тарту, кәсіпкерлікті дамыту – экономиканың тірегі

Инвестиция тарту, кәсіпкерлікті дамыту – экономиканың тірегі

Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен әкімдік отырысы өтіп, күн тәртібінде екі мәселе қаралды.

Бірінші мәселе – 2023 жылғы ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері және бюджеттің игерілуі туралы болып, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ерлан Ахетов хабарлама жасады.

Өткен жылдың қорытындысымен ауданның бюджет түсімдері 12728,5 млн. теңгеге немесе 106 пайызға орындалған. Оның ішінде, ауданның өз кірістері 5195,4 млн. теңгеге немесе 115,2 пайызға орындалып, 683,6 млн. теңге артық түскен. Ал макроэкономикалық көрсеткіштер 2023 жылдың көлемінде толық орындалған.

Аудан басшысы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын сипаттайтын макроэкономикалық көрсеткіштердің жоғары болуын және бюджет қаражатының толық игерілуін қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

Екінші мәселе – ауданда жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағытында атқарылған жұмыстар туралы аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Алмат Сәдуақасов баяндады.

2023 жылдың қортысындысы бойынша 2856 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелді. Жалпы, өткен жылы ауданда мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында құны 4,9 млрд. теңгені құрайтын 454 жобаға қаржылай қолдау көрсетілген.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев инвестиция тартуды тапсырды. Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев бұл бағытта нақты нәтиже көрсетуді атап өтті. Біз жаппай кәсіпкерлікті дамытып, инвестиция тартсақ, экономикамызды нығайтамыз. Сондықтан ауданда кәсіпкерлік саласын дамытуға барынша жағдай жасауымыз қажет, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Әкімдік отырысында күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланып, ұсыныстар айтылды. Аудан басшысы сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызмет
01 наурыз 2024 ж. 201 0