Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№79 газет

05 қазан 2024 ж.

№ 78 газет

01 қазан 2024 ж.

№ 77 газет

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану және оны қолдану кезінде салықтарды есептеу тәртібі

Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану және оны қолдану кезінде салықтарды есептеу тәртібі

Бөлшек салықтың арнаулы салық режимі – Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көзделген шарттарға сәйкес келетін кәсіпкерлік субъектілері үшін неғұрлым жеңіл салық салу шарттарын көздейтін арнаулы салық режимі.

Режимді қолдану шарттары:


1) жалдамалы қызметкерлер - 200 адамнан аспауы тиіс;


2) күнтізбелік жылдағы табыс - 600 000 айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс (2024ж – 2,2 млрд.тг.);


3) ҚР Үкіметі айқындаған қызметтің тек бір немесе бірнеше түрін ғана жүзеге асырады.


4) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған 364 қызмет түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін ғана жүзеге асыратын салық төлеушілер қолдануға құқылы.


Қызмет аймағына не жатады?

бөлшек сауда, өндірістің әртүрлі салалары, құрылыс, жөндеу, тасымалдау, ауыл шаруашылығы және басқа да көптеген бизнес салалары жатады.

Қандай салық жеңілдіктері қаралған?


1)  қосылған құн салығы бойынша есепке тұрмауға құқылы;


2)  әлеуметтік салық төлеушілер емес;


3)  әртүрлі елді мекендерде қызметті жүзеге асыруға құқылы;


4) кәсіпкерлік қызметтен алынған табысты қызметкерлер үшін еңбекақы төлеу қорының сомасына азайтады.


Режимнің артықшылығы  неде?

Бөлшек салықтың арнаулы салық режимі жалпыға бірдей белгіленген салық режимінде жұмыс істейтін және қосылған құн салығын төлейтін компанияларға тиімді болады. Басқа жағдайларда салық жүктемесін есептеп салыстыру қажет.

6. Есептілік түрлері: 913.00 және 200.00 .


7. Тапсыру және төлеу мерзімі: Тоқсан сайын, жылына 4 рет.
 
Декларацияны тапсырудың соңғы мерзімі
Салық төлеудің соңғы мерзімі
I тоқсан
15 мамыр
25 мамыр
II тоқсан
15 тамыз
25 тамыз
III тоқсан
15 қараша
25 қараша
IV тоқсан
15 ақпан
25 ақпан

8. Бөлшек салыққа қалай ауысуға болады?

Бөлшек салыққа жалпыға бірдей белгіленген салық режимінен немесе кез келген басқа режимнен ауысуға болады. Ол үшін салық хабарламасын қағаз түрінде немесе онлайн egov.kz порталы арқылы жұмыс орны бойынша салық органына тапсыру қажет. Жаңа режим келесі айдың 1-нен бастап жұмыс істей бастайды.

Сырдария ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы
Фото: ашық дереккөзден
13 қыркүйек 2024 ж. 246 0