Бақылау-касса машиналарын қолдану талаптары
Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 166-бабына сәйкес, қолма-қол ақшалай есеп айырысулар арқылы өз қызметтерін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер бақылау- касса машиналарын қолдануға міндетті.
Бақылау касса машиналарын қолдану кезінде мынандай талаптар қойылады:
1. Ақшалай есепайырысулармен байланысты қызмет басталғанға дейін бақылау касса машинсын салық органында есепке қою қажет.
2. Әрбір тауар, жұмыс, көрсетілетін қызмет үшін төленген сомаға бақылау касса машинасының чегін беру қажет.
Сондай-ақ бақылау касса машинасының чектері мынадай ақпараттарды қамтуы тиіс.
1. Салық төлеушінің атауын;
2. Салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірін;
3. Бақылау касса машинасының зауыттық нөмірін;
4. Бақылау касса машинасының салық органындағы тіркеу нөмірін;
5. Чектің реттік нөмірін;
6. Тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жасалған күні мен уақыты;
7. Тауардың, жұмыстың, көрсетілген қызметтің бір бірлігі үшін бағасын;
8. Бақылау касса машинасын пайдалатын жердің мекен жайын;
9. Бақылау касса машинасының түбіртегі туралы ақпаратты кодталған түрде қамтитын штрих кодты қамтуы тиіс;
Егерде жоғарыдағы талаптарды сақтамай деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау касса машиналарын тіркемеген жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 284 бабына сәйкес жауапкершілік көзделетінін ескертеді.
Толық ақпаратты Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, Қазантаев көшесі №4 ғимаратта орналасқан Сырдария ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының «Салық төлеушілермен жұмыс» бөлімінен немесе 8-724-36(21-4-53) телефоны арқылы алуға болатындығын хабарлаймыз.
Сырдария ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы