Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бөлшек салық арнаулы салық режимі 190 қызмет түрін қамтиды

Бөлшек салық арнаулы салық режимі 190 қызмет түрін қамтиды

Осы режимді кірісі жылына 600,0 мың АЕК-тен аспайтын (2023 жылы 2.070 млрд теңге) және жұмыс­керлер саны 200 адамға дейінгі белгіленген тізбеге кіретін қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық тө­леушілер қолданады.

Айналым мөлшеріне қарамастан табыс­ бойынша белгіленген шегі­не дейін ҚҚС бойынша есепке­ тұрмауға, әлеуметтік салық төле­мейтіндер құқылы. Сондай-ақ салық салу объектісін (шығыстарды шегермей кірістер) қызметкерлердің жалақысын тө­леуге арналған шы­ғыстар сомасына азайтады. Егер салық төлеуші микро және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің санатына жататын болса, ЖТС және әлеу­меттік төлемдерді төлеудің жалпыға бірдей белгіленген тәртібі­нің орнына қызметкерлердің кірісте­рінен бірыңғай төлем төлеуге көшу­ге құқылы екенін еске саламыз.

Сонымен қатар бөлшек салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесі 114-тен 190 қызмет түріне дейін кеңейтілгенін, режимді қолдану бойынша норма мерзімсіз енгізілгенін қаперге саламыз. Айту керек, бұрын нормалар екі жылдық кезеңге енгізілген болатын.

Салық төлеушілердің назарына салатынымыз – салық кезеңі тоқсан болып­ табылады. Мәслихат шешімімен 2% - ға дейін төмендетілуі мүмкін жалпы 4% мөлшер­леме, сон­дай-ақ 8% мөлшеріндегі арнайы мөлшерлеме қолданылады. Ол төмендетуге жатпайды және егер сатып алушы (қызмет алушы) салық салуда шығыстарды құжат­пен рас­талған шеге­рім­дерге жатқызу жөніндегі норманы қолданған жағ­дайда қолда­нылады.

Шығыстар сомаларын шеге­рімге жат­қызу үшін сатып алушы бөлшек салық режимін қолданатын тұлғадан ЭШФ жазуды немесе осындай сатып алушының ЖСН/БСН көрсете отырып чек беруді талап етуге­ құқылы.
Мәслихат ставканы төмендету жөнін­дегі шешімін ағымдағы жы­лы 1 шілдеден кешіктірілмей, келесі кезеңдерде – став­каны­ енгізу алдындағы жылдың 1 желтоқ­санынан кешіктірілмей қабылдануға тиіс.

Сырдария аудандық
кірістер басқармасы
04 қараша 2023 ж. 173 0