Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Электронды сауданың септігі көп

Электронды сауданың септігі көп

Салық кодексінің 88-бабы 1-тармағының 10-тар­мақшасына сәйкес жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебіне қоюға тауарлармен электрондық сауданы (ТЭС) жүзеге асыратын салық төлеушілер жатады.
Тауарлармен электрондық сауда – ақпараттық технологиялар арқылы интернеттегі дүкен арқылы немесе интернет-сайт арқылы жүзеге асырылатын жеке тұлғалардың тауарларды сатуымен қатар келесі шарттарды сақтайтын кәсіпкерлік қызмет:
– тауарларды сату бойынша келісім-шарттарды ұйымдастыру электронды түрде жүзеге асырылады;
– тауарлар төлемі банктік аударым арқылы жүзеге асырылады;
– тауарларды сатып алушыға жеке меншікті жеткізу қызметінің болуы немесе жүк тасымалдайтын, курьерлік және (немесе) почта қызметін жүзеге асыратын тұлғалармен келісім-шарттардың болуы.
Қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу үшін – тауарларды электрондық коммерциялау қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметті бастау немесе тоқтату туралы хабарлама негізінде жүзеге асырылады.
Салық кодексінің 293-бабының 3-тармағына сәйкес, ТЭС жүзеге асыратын салық төлеуші осы Кодекстiң 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтады.
Егер ТЭС жүзеге асырудан түсетін, осындай қызмет жөніндегі операциялар бойынша туындаған оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі ескерілген кірістер жылдық жиынтық кірістің кемінде 90 пайызын құраған жағдайда, осы тармақтың ережелері қолданылады. Осы шарт сақталмаған кезде, салық төлеуші осы баптың ережелерін қолдануға құқылы емес.

Сырдария ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы
13 шілде 2019 ж. 964 0