Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мобильді аударымдар туралы не білуіміз керек?

Мобильді аударымдар туралы не білуіміз керек?

Мобильді аударымдар жеке тұлғалар арасында өзінің жеке мақсаттары үшін қолма-қолсыз ақша аударымдарын жасауға арналған және оған салық салынбайды.

Мобильді аударымдарды тексеру заңсыз кәсіп­керлік қызметті көлең­кеден шығаруға бағытталған.

Тек әртүрлі тұлғалардан үш ай қатарынан ай сайын 100 немесе одан да көп мобильді аударымдар алған тұлғалар ғана, яғни, кәсіп­керлік қызметтің белгілері байқалған жағдайда тексеру жүргізіледі.

«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына сәйкес, түрлі төлем тәсілдері қарастырылған. Банк картасымен, QR төлемі­мен немесе қолма-қол ақшамен сауда жасау арнайы бапта қарас­тырылған. Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабыл­даудан бас тарту заңсыз болып табылады. Және тұтынушылардың құқықтарын бұзады.

Кәсіпкерлердің төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдаудан бас тартқаны үшін бірінші рет әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ескерту жасалады. Ал қайталап бұзған жағдайда – 147 680 теңге (40 АЕК) көлемінде айыппұл салынады.

Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдау кезінде тауарларды (жұмыстарды, көр­сетілетін қызметтерді) қолма-қол ақшамен төлеу кезінде оларды сату бағасынан аспайтын баға бойын­ша сатуды жүзеге асыруға міндетті болады. Бұл заңның 40-бабында көрсетілген.

Сырдария ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы
Фото: naryk.kz
18 маусым 2024 ж. 157 0