Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 49 газет

05 шілде 2025 ж.

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Қолма-қол ақша талап еткен кәсіпкерлерге қомақты айыппұл салынады

Қолма-қол ақша талап еткен кәсіпкерлерге қомақты айыппұл салынады

Кәсіп иесінің есепшотына 3 айда 100-ден аса мобильді аударым келіп түссе арнайы салық төлеуге міндеттелетіні белгілі болғалы бизнесмендер тұтынушыдан қолма-қол ақша талап етуге көшкен. Алайда Мемлекеттік кірістер комитеті сатып алушыға еркінен тыс қолма-қол төлемді талап еткендер қомақты айыппұл арқалайтынын айтты, деп жазады Egemen.kz.

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап кәсіпкерлер электронды төлемнен бас тартып жатыр. Көпшілік кәсіпкерлердің бұл ісіне наразылығын білдіріп отыр.
Кез келген кәсіпкер несие картасы немесе QR арқылы төлем қабылдамай қолма-қол сатып алуды сұраса, алдымен ескерту беріледі. Келесі рет қайталанса 150 мың теңге шамасында айыппұл салынады.

«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» заңның нормалары банк картасы, QR-төлем немесе қолма-қол ақшамен төлеу тәсілдерін көздейді (25-бап). Кәсіпкерлерге төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдаудан бас тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған: бірінші рет ескерту, тәртіпті қайталап бұзған жағдайда - 147 680 теңге (40 АЕК*) мөлшерінде айыппұл салынады», делінген Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінде.
 
Айта кетейік, осы жылдан бастап банктер бизнес-шотқа емес, жеке шотқа 3 айда 100 мобильді аударым түскенін анықтаса, белгілі болған деректерді салық басқармасына ұсынады.

Фото: Н.Нұржаубай
05 қаңтар 2024 ж. 233 0