Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 36 газет

07 мамыр 2024 ж.

№35 газет

04 мамыр 2024 ж.

№ 34 газет

30 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » 1-қаңтардан бастап зейнетақы мен жәрдемақы төлемдері артты

1-қаңтардан бастап зейнетақы мен жәрдемақы төлемдері артты

«2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, әлеуметтік көрсеткіштер 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап:

айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 692 теңге;
ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) – 43407 теңге;
ең төменгі жалақы – 85000 теңге;
ең төменгі зейнетақы – 57853 теңге
базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 28215 теңге мөлшерінде белгіленіп, олардың негізінде әлеуметтік төлемдердің мөлшері қайта қаралды.

Жаңа жылдан бастап, еңбек сіңірген жылдары үшін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 9 %-ға арттырылды.

Сонымен қатар, жасына байланысты жаңадан тағайындалатын зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу үшін ескерілетін ең жоғары табыс мөлшері 55 АЕК-ке (203060 теңге)көбейтілді.

1-қаңтардан бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ЕТКД-нің жаңа мөлшеріне пайыздық қатынаста белгіленеді.

Атап айтқанда, зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болғанда немесе болмағанда тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының 65 пайызы (60 пайыздың орнына) мөлшерінде, зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жылдан артық әрбір толық жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға арттырылады, бірақ ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының 105 пайызынан аспайтын мөлшерде беріледі.

Бұл жаңадан тағайындалған зейнеткерлерге және 01.01.2024 ж. дейін зейнетке шыққандарғада қатысты.

Мүгедектігіне және асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері ЕТКД (43407 теңге) мөлшерінің ұлғаюына байланысты арттырылды.

Сонымен қатар, мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) және бірінші топ мүгедектігі бар адамға күтімді жүзеге асыратын адамға төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері ЕТКД (43407 теңге) мөлшерінің ұлғаюына байланысты арттырылды. 01.01.2024ж. бастап бұл жәрдемақылардың мөлшері 69886 теңгені құрайды.

01.01.2024 ж. бастап АЕК-пен есептелетін жәрдемақы төлемдері мөлшері оның артуына (3692т) байланысты көбейеді.

Атап айтқанда, бала тууға байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы және ай сайынғы бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты мемлекеттік жәрдемақы төлемдерінің мөлшері:

Бірінші, екінші және үшінші бала туылғанда берілетін бір жолғы жәрдемақының мөлшері (38-АЕК) 01.01.23ж. 131100 теңгені құраса, 01.01.24ж. бастап 140296 теңгені құрайды немесе 9196 теңгеге, ал төрт және одан да көп бала туылғанда (63-АЕК)217350 теңгеден 232596 теңгеге немесе 15246 теңгеге артты.
Ал, бала біржарым жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты берілетін жәрдемақы мөлшері тууы кезектілігіне байланысты 01.01.24ж. бастап бірінші балаға -21266 теңге, екінші балаға - 25143 теңге, үшінші балаға - 28983 теңге, төртінші және одан да көп бала туылғанда 32859 теңгені құрайды.

Сол сияқты, АЕК (3692т.)мөлшерінің ұлғаюына байланысты бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде он сегіз жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері де арттырылды.

Бұл жәрдемақылардың мөлшері балалар санына қарай сараланып ұлғайтылады.

Атап айтқанда, 4 баласы бар отбасыларға 59183 теңге, 5 балаға – 73988 теңге, 6 балаға – 88793 теңге, 7 балаға- 103598 теңге, 8 балаға - 118144 теңге, 9 балаға-132912 теңге, 10 балаға- 147680 теңге және одан әрі жәрдемақы мөлшері бала санына қарай өзгереді.

Жаңа жылдан бастап «Күміс алқамен» марапатталған аналардың ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақысының мөлшері23629 теңгені, ал, «Алтын алқамен» марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері 27321 теңгені құрайды.

Жасына байланысты зейнетақы, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды алушылар қайтыс болған жағдайда, оның отбасына немесе жерлеуді жүзеге асырған адамға жерлеуге арналған біржолғы жәрдемақының мөлшері 129220 теңгені құрайды.

Сонымен қатар, АЕК (3692тг.)мөлшерінің ұлғаюына байланысты арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлемдерінің мөлшері арттырылды.

Өткен жылғы желтоқсан айында облыс бойынша 255,4 мыңнан астам зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың (оның ішінде зейнетақы алушылардың саны-78,1 мың адам) төлем мөлшерін қайта есептеу автоматты түрде жүргізілді. 

2024 жылдың 1 қаңтардан бастап барлық төлем алушыларға жоғарыда аталған көбейтілген мөлшердегі төлемдер төленуде.

Еңбек және әлеуметтік қорғау
комитетінің Қызылорда облысы
бойынша департаменті

Фото: almaty.tv
04 қаңтар 2024 ж. 128 0