Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы мөлшері қанша болады

АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы мөлшері қанша болады

Қаржы министрлігі "2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын әзірледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атап айтқанда, жобада 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап:

ең төменгі жалақы мөлшері (ЕТЖ) – 70 000 теңге;

айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3692 теңге;

мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 28 215 теңге;

зейнетақының ең төменгі мөлшері - 57 853 теңге;

базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы – 43 407 теңге.

Жасы және еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақы төлемдерін 9,0% - ға арттыру көзделген.

ӘМСҚ-ға төленуге жататын ММС-ға мемлекет жарналарының мөлшері Мемлекет жарналарын есептеу объектісінің 1,9%.

Әскери қызметшілерге (мерзімді қызметтің әскери қызметшілерінен басқа) және арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақы мөлшері өзгермейді 3739 теңге.

Заң жобасы 2023 жылдың 4 қыркүйегіне дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.

Фото: ашық дереккөзден
21 тамыз 2023 ж. 288 0