Зейнетақы мен жәрдемақы төлемдері артқаны рас па?
«2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап:
айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 450 теңге;
ең төменгі зейнетақы – 53 076 теңге;
ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) – 40 567 теңге
базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 24 341 теңге мөлшерінде белгіленді.
Сонымен қатар, еңбек сіңірген жылдары үшін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап алынатын мөлшерден 10,5 %-ға арттырылды.
Бұдан басқа, жасына байланысты жаңадан тағайындалатын зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу үшін ескерілетін ең жоғары табыс 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 46 АЕК-тен 55 АЕК-ке (189 750 теңге) дейін арттырылды.
Осыған байланысты, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу екі нұсқамен қаралды.
Бірінші нұсқа: жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу үшін есепке алынатын ең жоғары табыстың ұлғаюына байланысты, 2023жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған зейнеткерлерге жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу кезінде олардың орташа айлық табысы 46 еселенген АЕК-пен шектелген болса, олардың зейнетақысы 55 АЕК-пен қайта есептелді.
Екінші нұсқа: 01.01.2023ж. дейін тағайындалған жасына байланысты зейнетақы төлемдерін10,5 %-ға индекстелді.
Бұл ретте 55 АЕК шегінде табыс негізінде есептелген жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері, 10,5 %-ға өскен сомадан төмен болмауы керек.
Осыған сәйкес, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасы 2023 жылдан 2028 жылға дейін 61 жас болып бекітілді.
Ал, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес ЕТКД-нің жаңа мөлшеріне пайызбен белгіленеді.
Осылайша, 01.01.2023 ж. бастап – зейнетақы жүйесіне 10 және одан аз жыл қатысқан немесе еңбек өтілі болмаған жағдайда ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызы (54 пайыздың орнына) мөлшерінде, оның мөлшерін он жылдан асқаннан кейін әрбір толық жылға 2 пайызға, бірақреспубликалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінен 100 пайыздан асырмай ұлғайтылды.
Бұл 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тағайындалған және жаңадан тағайындалған зейнеткерлерге де қатысты.
Облыс бойынша жасына байланысты зейнетақы алушылардың саны-78923, базалық зейнетақы алушылардың саны75504 құрайды.
Мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуынабайланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға, қамқоршыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы, I топтағы мүгедектігі бар адамдарға күтімді жүзеге асыратын адамдарға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушылардың төлемдері ЕТКД (40567 теңге) мөлшерінің ұлғаюына байланысты арттырылды.
№1,№2 Тізім бойынша (Ерекше ауыр және зиянды жұмыс істеген адамдар үшін) мемлекеттік арнайы жәрдемақылар, арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларының мөлшері АЕК (3450) мөлшерінің ұлғаюына байланысты арттырылды.
Сол сияқты, балалар жәрдемақы мөлшері де арттырылды.
Бала туған кезде отбасына баланың кезегіне байланысты төленетін жәрдемақының екі түрінің мөлшері де өсті.
Атап айтқанда, бірінші, екінші және үшінші бала туылғанда берілетін бір жолғы жәрдемақының мөлшері (38-АЕК) 01.04.22ж. 120840 теңгені құраса, 01.01.23ж. бастап 131100 теңгені құрайды немесе 10260 теңгеге , ал төрт және одан да көп бала туылғанда (63-АЕК) 200340 теңгеден217350 теңгеге немесе 17010 теңгеге артты.
Ал, бала бір жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты берілетін жәрдемақы мөлшері тууы кезектілігіне байланысты 01.01.23ж. бастап бірінші балаға -19872 теңге, екінші балаға - 23495 теңге, үшінші балаға - 27083 теңге, төртінші және одан да көп бала туылғанда- 30705 теңгені құрайды.
Сонымен қатар, 01.01.2023ж. бастап бала күтіміне байланысты жәрдемақы мен МӘСҚ төленетін әлеуметтік төлемдердің төлеу мерзімі бір жылдан бір жарым жылға дейін ұзартылды.
Аталған норма жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін ата-аналарға да қолданылады.
Мысалы: 30.04.2022ж. туған баланың жәрдемақы төлемі 30.04.2023ж. аралығына тағайындалған болса, 2023 жылғы 1 қаңтарда төлемінің мерзімін 30.04.2022 жылдан 30.10.2023 жылға дейін ұзартылды.
Бұлретте, МӘСҚ-тен төлем алушы жұмысқа ерте шыққан жағдайда, оның мөлшері мемлекеттік жәрдемақы деңгейінде сақталады.
Сондай-ақ, 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бюджеттік субсидия алушылар болып табылатын тұлғаларға, жоғарыда көрсетілген субсидия тағайындалған кезең бала бір жарым жасқа толғанға дейін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелеріне сай ұзартылды.
01.01.2023 ж. бастап АЕК (3450) мөлшерінің ұлғаюына байланысты «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, «Ана даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналарға және бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға, оның ішінде кәмелет жасына толған соң орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында оқитын білім беру ұйымдарын бітіргенге дейін (бірақ жиырма үш жастан аспағанға дейін) балаларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері де арттырылды.
Облыс бойынша 246,4мыңнан аса зейнетақы және жәрдемақы алушылардың (оның ішінде жасына байланысты зейнетақы алушылар саны 78,9мың адам) төлемдерінің мөлшерін 01.01.2023ж. бастап қайта есептеу жұмыстары автоматты түрде жүргізілді.
01.01.2023ж. бастап төлем алушыларға көбейтілген мөлшердегі төлемдері төленуде.
Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің
Қызылорда облысы бойынша департаменті