Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәсіп бастауға арналған маңызды қадамдар қандай?

Кәсіп бастауға арналған маңызды қадамдар қандай?

Әлемге белгілі америкалық зерттеуші, кәсіпкер, SAS ком­паниясының негізін салушы, Джеймс Гунайт бір сөзінде: «Бизнесте табысқа жетудің жолы –  креатив­ті­лік­тен туатын инновацияда» деген болатын. Расында, кәсіппен айналасам деген әрбір адам табысты еселей біле­­тін ерекше қабілетке ие болуы тиіс. Және де кез келген бизнес иесі өзі бастаған кәсіптің болашағын бағамдап, бағдарлай алғаны абзал. Жалпы,  кәсіпті игеруге талпын­ған кез келген жан ескеретін білмейтін қарапайым дүние жеткілікті.

Шын мәнінде, көпшілікке барлық ма­ман­дықты толықтай меңгеру үшін білім мен біліктіліктің маңызы зор. Көптеген маман­дықтардың ішін­де бизнес саласында ықпалды тұлға­ға айналу үшін тыңбай еңбек ету функ­циясынан ауытқымау керек. Бүгінде маркетология саласын жетік меңгерген кәсіби мамандар тұты­ну­шының сұранысына сай жұмысты үйлестіре білу керектігін алға тартады. Сонымен қатар өнімнің өтімділігін жоғарылататын сапалы қызмет түр­лерін ұдайы ұйымдастыра білген жөн. Өз кезегінде біз  алғаш кәсіп ашу барысында ескерілетін бірнеше  қадамды назарларыңызға ұсынамыз.  

Негізінен, кәсіпкер болу – өміріңізге жаңа дем беру екені даусыз. Бірінші кезекте, бизнес идеяңыз болуы шарт. Мәселен, алғашқы кезеңде кәсіпкерлік қызметтің бағытын анықтау, болашақ табысыңызға тікелей байланысты болатын ең маңызды қадамдардың бірі. Бірден сәтсіздікке ұшырайтын сәт­сіз идеяларға бой алдырған кезде, са­рапшылар қарапайым формуланы қолдануды ұсынады. Негізгі бас­тайын деп отырған кәсібіңіз қоғамға пайдалы болуы керек. Яғни, кәсіпті бастамас бұрын сіздің әлеуетті тұтыну­шыларыңыз Сіз не істегіңіз келетінін түсінуі маңызды екен. Идеяны сипат­таудың негізгі алғышарты болады. Алынған фразаның семантикалық жә­не эмоционалдық жүктемесі бизнес туралы толық ақпарат беретіні даусыз. Жалпы,  бизнес идеяның бар болғаны жақсы. Бірақ, бұл көп жағдайда ке­рісінше болып жататындығын өмір дәлелдеп береді. Бұл ретте, кәсіпкер ұзақ бас қатырады және таңдалған нұсқаларға күмәнмен қарайды. Осындай процесті жеңілдету үшін интернет көмегіне жүгінген дұрыс. Бүкіләлемдік интернет көзі қазіргі таңда шағын бизнесті жүргізудің ең маңызды нұс­қамасы саналады.  Мүмкін, бірегей ойлар мен ұсыныстардың шоғырлануы осы бір танымал қызметтер мен әлеу­меттік желілер қатарында «Твиттер», «ВКонтакте», «Live Journal», «Инстаграм» бар екендігіне сенеміз.

Екінші қадам барысында жеке кә­сіпкер тәжірибеден сабақ алғаны дұрыс. Әрине, таңдалған бағыт туралы ақпарат жинау тек теориямен шектеліп қалмауы керек. Бизнес­те көптеген «тұзақтар» бар. Және бұл нюанстар тәжірибелі, белсенді кәсіп­керлерге ғана белгілі. Кәсіпкерлік бар­лығы білетіндей тұрақсыз жұмыс, көп нәрсе ішкі түйсікке байланыс­ты шешіледі. Әрине, мұндай жағ­дайда тәжірибе құнды. Сонымен бірге керекті мәліметті сіз еш­қа­шан кітаптардан таба алмайсыз. Сон­дықтан тәжірибелі бизнесменнен алын­ған ақпарат тәуелсіз жұмыс істеу барысында үлкен қателіктерден аулақ болуға көмектеседі. Өз бизнесін қалай бастауға болатыны жайлы сіздің алдыңызда миллиондаған кәсіпкер ойлаған. Ендеше олардың тәжірибесін зерттеген жақсы. Олар бизнеске қалай келді, ұйымды қалай құрды, қандай қиындықтарға тап болды деген факторлар өз маңыздылығын жоймайды. Үшінші қадам нарықты зерттеуге тікелей байланысты. Шын мәнінде,  өзге кәсіпкерлердің тәжі­ри­бесімен танысу қиын болса, онда жоспарланған қызметтің жұмыс өрісін зерттеу әлдеқайда қиын. Нарық көп қырлы. Ірі компаниялар өздерінің ағымдағы жағдайын мұқият талдау үшін көп ақша жұмсайтыны кездейсоқ емес. Мысалы, тұтынушыларға шынымен не қажет екенін, белгілі  бір өнім мен қызметті қалай алғысы ке­летінін түсінуіңіз керек. Сондай-ақ техникалық мәселелер бар. Бизнестің қолайлы орналасуын таңдау және жалға алу үшін қажетті үй-жайларды іздестіру керек. Осы мәселені шешу үшін екі жақты біріктірудің қос жолы бар екенін мамандар айтып жүр.Талдауды өз бетімен жасауға болады. Осы саладағы журналистік материалдарды зерттеу қажеттілігі туындайды. Сонымен бірге әрбір кәсіп иесі бизнес жоспар құруға мүдделі. Жоспарлау бизнесті жүргізудің маңызды бөлігі болып табылады. Іс-әрекет жоспарын жасамаған жандар барлық ықтимал қауіптерді есептемеген болып табылады. Яғни, олар компассыз ұзақ сапарға шыққан жолаушылар сияқты. Бизнес-жоспар – өз бизнесін қай жерде бастау керектігін шешетін адамның бірқатар тапсырмаларының соңғы теориялық кезеңі. Бұдан кейін ғана біз айтып отырған практикалық қадамдар жүзеге асады. Ал әзірше біз жоспар жасауға кеңес береміз. Тәжірибелі кәсіпкерлер оны мүмкіндігінше егжей-тегжейлі дәлелдеуге машықтану керектігін айтады. Себебі, бастапқы шығындарды жазу жеткіліксіз. Мүм­кін­дігінше, бизнестің ілгерілеуін алдағы 6-12 айға есептеу керек. Бұл – биз­нестің динамикадағы болжалды дамуын көрсетеді. Нашар ойлас­тырылған бизнес-жоспар Сізді құрдымға апаруы ықтимал.


Дайындаған
Балтабай ОРДАБЕКОВ
15 шілде 2023 ж. 215 0