Сырдария аудандық ауруханасының бас дәрігері таныстырылды
Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен өткен актив отырысында кадрлық өзгерістер таныстырылды. Сырдария аудандық ауруханасының бас дәрігері болып Жұмабаева Жанар Әшімқызы тағайындалды.Жанар Әшімқызы 1998 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген. Еңбек жолын аудандық ауруханада аймақтық терапевт дәрігері болып бастаған.

Әр жылдары Сырдария аудандық ауруханасында эндокринолог, жалпы тәжірибелік, терапевт дәрігері және жалпы тәжірибелі бөлімшесінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.2020 жылдан бүгінгі күнге дейін бас дәрігердің бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жөніндегі орынбасары қызметін абыроймен атқарып келді.Аудан басшысы бас дәрігерге халық денсаулығын жақсарту бағытында нәтижелі жұмыстарды атқарады деп сенім білдіріп, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі









